Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстандықтар енді зейнетақы жинағымен көзін емдей алмайды

Қазақстандықтар офтальмологиялық және стоматологиялық қызметтерді зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалану арқылы өтеу мүмкіндігінен айырылды. Бұл туралы Отбасы банк Enpf-otbasy.kz платформасы арқылы офтальмологиялық қызметтерге өтінім қабылдау тоқтатылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
04.12.2025
Жаңалықтар

Банк мәліметінше, Денсаулық сақтау министрлігі енгізген өзгерістерге сәйкес, 3 желтоқсанда жарияланған жаңа ереже бойынша зейнетақы қаражатын көз ауруларын емдеуге де, стоматологияға да пайдалану енді рұқсат етілмейді.

Отбасы банк 4 желтоқсаннан бастап офтальмологиялық қызметтерге жаңа өтінім қабылдамайтынын мәлімдеді. Алайда осы күнге дейін жіберілген барлық өтінім бұрынғы тәртіппен қаралады.

Қазіргі таңда банкте «офтальмология» бағыты бойынша жалпы сомасы 13,3 млрд теңгені құрайтын 15 808 өтінім бар. Оның ішінде:

– 5131 өтінім (4,6 млрд теңге) тексеріліп жатыр;
– 10 677 өтінім (8,7 млрд теңге) бойынша қосымша құжат сұратылған.

Стоматология бойынша өтінімдер тоқтатылған соң офтальмологияға сұраныс күрт артқан: 15 қыркүйекке дейін айына орта есеппен 174 өтінім мақұлданса, жаңа шектеулерден кейін бұл көрсеткіш 7 есе өсіп, 1 264 өтінімге жеткен.

Банк бірқатар күмәнді жағдайларды да анықтаған. Әртүрлі клиенттер бір ғана офтальмологиялық клиникамен келісім жасағанымен, құжаттарда клиника әртүрлі қалаларда орналасқан болып көрсетілген. Тексеру кезінде аталған мекенжайларда мұндай клиника жоқ екені анықталған.

Соған қарамастан, зейнетақы жинағының қолжетімді бөлігі бұрынғыдай бірқатар маңызды әрі қымбат ем түрлеріне пайдалануға рұқсат етіледі. Олар:

– орфандық (сирек) ауруларды емдеу;
– реконструктивтік және қалпына келтіру операциялары;
– радионуклидті және радио-йод терапия;
– радиохирургиялық ем;
– протондық терапия.

Жаңа шектеулер Денсаулық сақтау министрлігінің біржолғы зейнетақы төлемдерін мақсатты және тиімді қолдану талабына сәйкес енгізілген.

Тегтер: қазақстанОтбасы банк

Соңғы жаңалықтар

СІМ басшысы: Қазақстан заңсыз көші-қонмен күресті күшейтіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Қазақстанда медициналық мақсаттағы есірткі құралдарының тізімі кеңейтілді

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында өрік фестивалі өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында 251 млн теңге субсидияны заңсыз алғандарға сот үкімі шықты

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz