Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында бюджет түсімдері соңғы бес жылда 1,5 еседен астам өсті

Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2025 жылдың алғашқы 11 айындағы жұмысының қорытындысын жариялады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
02.12.2025
Аймақ, Алматы облысы

Ведомство таратқан ақпаратқа сәйкес, есепті кезеңде мемлекеттік бюджетке 1 трлн 21,3 млрд теңге көлемінде салықтар мен төлемдер түскен. Оның 452,8 млрд теңгесі республикалық бюджетке, 568,5 млрд теңгесі жергілікті бюджетке бағытталған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 111,4 пайыз өсім, яғни 104,4 млрд теңгеге артық.

Алматы облысы соңғы жылдары бюджетке түсетін кірістердің тұрақты өсу қарқынын көрсетіп келеді. Бюджеттің кіріс бөлігі жыл сайын жүйелі түрде артып отыр. Соңғы бес жылда түсімдер көлемі 666,8 млрд теңгеден 1 триллион теңгеден асқан деңгейге дейін өсіп, 1,5 еседен астам ұлғайған.

Биыл облыс алғаш рет тарихи межеден өтті,  бюджетке түсімдер көлемі 1 триллион теңгеден асты. Бұл өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы маңызды кезең және салық базасын кеңейту, кәсіпкерлікті қолдау бағытында жүргізілген жұмыстың тиімділігін көрсетеді.

Мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше, түсімдердің артуы өңірдің қаржылық тұрақтылығын күшейтеді және экономика өсімін жеделдетуге, әлеуметтік бағдарламаларды кеңейтуге, басым жобаларды іске асыруға қосымша мүмкіндік береді.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Райымбек ауданында алғаш рет егілген зығырды жинау басталды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Алматы облысында картоп жинау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Балқаш ауданында күріш жинау науқаны басталды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Зиянды әдеттен арылу – өмірді өзгерту

Акжаркын
17.09.2026

Алаяқтықтан қорғанудың қарапайым жолдары

Акжаркын
17.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz