Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Арнайы жоба

Алматыда намаз оқымағаны үшін ұлын ұрып-соққан ер адам қамалды

Алматыда ересек ұлын ұрып-соққан ер адам қамалды, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпарат агенттігі Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

19.08.2022
Арнайы жоба, Жаңалықтар

Жасөспірім 15 тамыз күні ауруханаға жан сақтау бөліміне түскен болатын. Жас жігітке жабық бассүйек-ми жарақаты, бас миының жарақаты, маңдай қуысының алдыңғы қабырғасының сынуы, мұрын сүйектерінің сынуы диагнозы қойылды. Алатау аудандық Полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Күдікті – К.есімді азамат ҚР ҚПК-нің 128-бабы бойынша ұсталды және УҰИ қамалды. Тергеу барысы Алматы Полиция департаменті басшылығының бақылауына алынды

Еске сала кетейік, кеше жәбірленуші тарапы ұлына қол жұмсаған ер адамның әлі бостандықта жүргенін айтып, шағымданған болатын.

«Мен сені адам қылғым келеді, ал сен мен үшін дұға жасамадың», — деп қол көтерген.

Жігіт ашулы әкесінен қашпақ болған, алайда ол ұлын ұстап алып, басынан ұра бастайды.

«Үйде үлкен гантель болатын. Сонымен немесе үлкен пышақтың сабымен ұрған сияқты. Кейін өгей әкем пышақпен қорқыта бастады. Ағам көрші үйге қашып, сол жақтан полиция шақырды. Анам арыз жазса да, өгей әкем әлі бостандықта жүр. Ағамды өлтіре жаздады, әйтпесе, қашпайтын еді», — дейді Ерғали Асылханов.

Күдіктінің  бостандықта жүргенін полиция растаған. Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек аталған іс полиция назарында екенін айтқан болатын.

Тегтер: зорлық-зомбылықоқиға

Соңғы жаңалықтар

СІМ басшысы: Қазақстан заңсыз көші-қонмен күресті күшейтіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Қазақстанда медициналық мақсаттағы есірткі құралдарының тізімі кеңейтілді

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында өрік фестивалі өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында 251 млн теңге субсидияны заңсыз алғандарға сот үкімі шықты

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz