Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында таза ауыз сумен қамту деңгейі 99,6%-ға жетеді

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте өңірдің көлік және инженерлік инфрақұрылымын дамыту бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
27.11.2025
Аймақ, Алматы облысы

Әкімнің айтуынша, биыл облыста 570 шақырым сумен жабдықтау жүйесі салынып, қайта жаңартылады. Бұл жұмыстардың нәтижесінде таза ауыз сумен қамту деңгейі 99,6%-ға жетеді (2024 жылы – 93,6%).

Сонымен қатар газбен жабдықтау жұмыстары да белсенді жүргізіліп, 1,2 млн астам тұрғын (2024 жылы 1,08 млн тұрғын) көгілдір отынмен қамтамасыз етіледі. Электр желілеріне бөлінген қаражат есебінен тозу көрсеткіші 72%-дан 66 %-ға түсті.

Сұлтанғазиев жол сапасына да ерекше тоқталды. Оның айтуынша, нормативтік талапқа сай келетін жолдардың үлесі биыл 95%-ға жетеді (2024 жылы – 94%).

2000 жылдардан бері жөндеу көрмеген автомобиль жолдары қайта жаңартылды. Мәселен, «Қапшағай – Бақанас – Қарой», «Нарынқол – Сүмбе», «Қарқара – Ереуіл», «Есік – Саймасай», «Алматы-1 – Шамалған – Ұзынағаш», «Алмалыбақ – Жетісу» автомобиль жолдарының негізі ауыстырылып, жаңа асфальт жамылғысы төселді.

 

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қылмыстық және әкімшілік амнистия кімдерге қолданылады?

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Тоқаев Пәкістан премьер-министріне хат жолдады

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Алматы облысында тағы бір ауыл алкоголь өнімдерін сатудан бас тартты

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Алматы облысында IT мен дрондарды басқаруды үйрететін жаңа әскери жоба іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Қазгидромет: шілдеде ыстық 50 градусқа дейін жетуі мүмкін

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz