Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанда ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы алушылар тізімі жаңартылды

27 қараша күні Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі республикалық бюджеттен төленетін арнайы мемлекеттік жәрдемақыны (АМЖ) кімдер алуға құқылы екенін хабарлады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
27.11.2025
Жаңалықтар

Министрлік мәліметінше, бұл әлеуметтік қолдау түрі Қазақстанда 1999 жылы енгізілген және халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің маңызды элементі саналады.

Заңнама бойынша 17 санаттағы азаматтар АМЖ алуға құқылы. Олардың қатарында:

  • Ұлы Отан соғысының ардагерлері және басқа мемлекеттердің аумағындағы әскери қимылдарға қатысқан ардагерлер;

  • ҰОС ардагерлеріне теңестірілген азаматтар;

  • Соғыс кезінде қаза тапқан жауынгерлердің жұбайлары және әскери қызметкерлердің отбасы мүшелері;

  • «Халық қаһарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атақтарының иегерлері;

  • Тыл еңбеккерлері;

  • Чернобыль апатының салдарын жоюға қатысқандар;

  • Саяси репрессия құрбандары;

  • Мүгедектігі бар адамдар мен зейнеткерлер;

  • Қазақстан Республикасына ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған азаматтар және басқа да санаттар.

Жәрдемақы мөлшері санатқа байланысты өзгеріп отырады және 2,13-тен 138,63 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейін белгіленеді. АМЖ көлемі жыл сайын АЕК өсіміне байланысты ұлғайтылады.

Министрлік жәрдемақы белгілі бір ретпен тағайындалатынын атап өтті: егер азамат бірнеше негіз бойынша АМЖ алуға құқылы болса, төлем тек бір санат бойынша, алушының таңдауы ескеріліп жүргізіледі.

Қазақстанда тұрақты тұратын шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалар да қазақстандықтармен тең дәрежеде АМЖ алуға құқылы.

Арнайы мемлекеттік жәрдемақыны рәсімдеу үшін өтінішті eGov.kz порталы арқылы немесе Халыққа қызмет көрсету орталықтарына жүгіну қажет.

Тегтер: жәрдемақықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz