Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Шаруаларға жеңілдетілген дизель: Алматы облысы науқанды 100% қамтыды

Алматы облысында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдау мақсатында көктемгі және күзгі дала жұмыстарына арналған дизель отынын бөлу және жеткізу жұмыстары жоспарға сай іске асырылып жатыр. Бұл туралы Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Димаш Сыдықов өңірлік коммуникация алаңында өткен баспасөз мәслихатында айтты.

Мөлдір Иманмади
19.11.2025
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар
Фото: kz.kursiv.media

Фото: kz.kursiv.media

Биыл көктемгі дала жұмыстарына 3 650 тонна дизель отыны бөлінген. Ал күзгі науқанға облыстың 201 ауыл шаруашылығы тауар өндірушісі тарапынан 1 366,7 тонна отынға өтінім берілген. Бұл көлем толықтай облысқа жеткізіліп, бүгінгі күнге дейін 100% – 1 366,7 тоннасы шаруаларға жөнелтілді.

Күзгі науқанға бөлінген дизель отыны өңірлерге мынадай көлемде жеткізілді:
• Райымбек ауданы – 313,8 т (60 АШТӨ)
• Жамбыл ауданы – 193,6 т (33 АШТӨ)
• Еңбекшіқазақ ауданы – 162,3 т (29 АШТӨ)
• Іле ауданы – 186,5 т (23 АШТӨ)
• Ұйғыр ауданы – 37,8 т (20 АШТӨ)
• Кеген ауданы – 56,3 т (13 АШТӨ)
• Қарасай ауданы – 111,4 т (8 АШТӨ)
• Талғар ауданы – 120,9 т (8 АШТӨ)
• Қонаев қаласы – 159,1 т (6 АШТӨ)
• Балқаш ауданы – 25 т (1 АШТӨ)

2025 жылға облысқа 5016,7 тонна дизель отыны бөлінген. Бұған қоса, шаруалардың сұранысын өтеу мақсатында тағы 3 мың тонна қосымша дизель отынына өтінім қабылданып жатыр. Қосымша көлемнің 43,3 тоннасы шаруашылықтарға жөнелтіліп үлгерді.

Сонымен бірге, 2025 жылдың 1–30 желтоқсан аралығында көктемгі және күзгі дала жұмыстарына қажетті дизель отынына өтінім қабылдау басталады.

«Біз үшін ең басты міндет – ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін уақытылы әрі жеткілікті көлемде дизель отынымен қамтамасыз ету. Биыл көктемгі және күзгі дала жұмыстарына бөлінген отын толық жеткізілді. Қосымша сұраныстар да назарда, шаруаларға қажетті көлем кезең-кезеңімен беріліп жатыр. Бұл – аграрлық сектордың тұрақты жұмыс істеуіне жасалған қолдау», – деді Димаш Сыдықов.

Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері үшін дизель отынының бағасы нарықтан 26%-ға арзан — литрі 250 теңге көлемінде белгіленген.

Тегтер: Алматы облысының ауыл шаруашылығыБасты жаңалықтардизель отыны

Соңғы жаңалықтар

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
16.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
16.09.2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Акжаркын
16.09.2026

Алматы облысының прокуратура қызметкеріне қатысты тексеру жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz