Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Үкімет әлеуметтік саладағы заңсыз схемаларды анықтады

Премьер-министр Олжас Бектенов халықты әлеуметтік қолдау жүйесін жетілдіруге арналған кеңес өткізіп, жиында осы саладағы жасырын схемалар туралы да айтылды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
17.11.2025
Жаңалықтар

Кеңеске қатысқан Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова әлеуметтік саладағы цифрландыру барысында анықталған заңбұзушылықтарды тізіп берді.

Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта Бірыңғай цифрлық платформаны (БЦП) енгізу жұмыстары жүріп жатыр. Денсаулық сақтау, білім, мәдениет және спорт салаларындағы 16 ұйым цифрландырылған. Шілдеден бастап 9 мыңнан астам мекеменің штаттық кестелері декларациядан өтіп, бұл жұмыс жыл соңына дейін толық аяқталмақ.

Жақыпованың айтуынша, цифрлық жүйе көптеген күмәнді схемаларды анықтауға мүмкіндік берген. Мәселен, 40 мыңға жуық азаматқа ресми еңбек шарты болмағанына қарамастан, зейнетақы жарналары аударылып отырған. Кейбір қызметкерлер қағаз жүзінде бір аймақтағы мектептің штатында болса да, басқа өңірлердегі ұйымдарда да еңбек шартына отырған болып шығады. Осы деректердің барлығы бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясы тексеру жұмыстарын бастады.

Бұдан бөлек, кадрлық үдерістерді автоматтандыру нәтижесінде 9,6 мың мектептің штат кестесінде көрсетілмеген, бірақ басшылар тарапынан өз бетінше енгізілген 75 лауазым анықталған.

«Олардың қатарында мектепке қабылдау жөніндегі директордың орынбасары, атқарушы директор секілді штатта болмауы тиіс лауазымдар бар. Осыған байланысты Тізілімді бірыңғай стандартқа келтіру жұмыстары басталды», – делінген Үкімет хабарламасында.

Тегтер: қазақстанүкімет

Соңғы жаңалықтар

Үш күнде 760 тонна қоқыс: Алматы облысында ауқымды тазалық акциясы өтті

Қорлан Нұрланқызы
03.05.2026

Алматы облысында мал ұрлығымен айналысқан екі қылмыстық топ ұсталды

Қорлан Нұрланқызы
03.05.2026

«Қыз Жібек» түсірілген Күрті су қоймасы қайта жанданды: туристер легі артып, ауқымды сенбілік өтті

Қорлан Нұрланқызы
02.05.2026

«Таза Қазақстан»: Байсеркеде ауқымды сенбілік өтті

Қорлан Нұрланқызы
02.05.2026

Іле ауданында Бірлік күніне орай сенбілік өтті

Қорлан Нұрланқызы
01.05.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz