Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ Алматы облысы

Алматы облысында халықаралық «Ғылым. Инновация. Болашақ. STEAM AI» форумы өтті

Балнұр Асанова
06.11.2025
Алматы облысы, Мақала

Алматы облысында білім беру жүйесін заманауи инновациялық бағытта дамыту мақсатында «Ғылым. Инновация. Болашақ. STEAM AI» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік форум өтті. Ауқымды шара Талғар ауданы Жаңалық ауылындағы №27 «Келешек» мектебінде ұйымдастырылып, еліміздің және шетелдің жетекші педагогтері мен ғалымдарын, инновациялық білім саласының мамандарын біріктірді.

Форум Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан» атты Жолдауында айтылған міндеттер мен 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялау бастамасы аясында өтті.

Шараның ашылуында Алматы облысы білім басқармасының басшысы Арайлым Төлеубекова қатысушыларды құттықтап, инновациялық білім беру жүйесінің маңыздылығына тоқталды.

 

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев цифрлық технологиялардың еңбек нарығын түбегейлі өзгертіп жатқанын атап өткен болатын. Әлемде жасанды интеллект саласында жұмыс істей алатын мамандарға сұраныс артып келеді. Сондықтан мұндай құзыреттілікті ерте жастан қалыптастыру маңызды. Форум осы бағытта мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға және білім сапасын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған», – деді Арайлым Төлеубекова.

Форум аясында қатысушылар тәжірибелік алаңдар мен шеберлік сабақтарында өз жобаларын таныстырды. Мұнда заманауи технологиялар, робототехника, экологиялық жобалар мен дрондар сайысы сияқты бағыттар қамтылды.

Тәжірибелік алаңдар:
• «Археология: Тамыры тереңнің – бұтағы биік»
• «Мамандықтар алаңы: Болашаққа дұрыс таңдау»
• «Eco ART шеберханасы»
• «SmartTech: Робототехника және Arduino»
• «Dragon Air Race: Дрондар жарысы» және тағы басқа бағыттар.

Форумға қатысушылар шараның тәжірибелік әрі шабыт берерлік тұстарын ерекше атап өтті.
«Бүгінгі форумның идеясы ерекше, алдағы уақытта тағы осындай шараларды өткізеді деп ойлаймын. Себебі бұл мұғалімдерге үлкен тәжірибе береді. Жалпы, жасанды интеллект бағытындағы жаңаша әдістерді меңгеріп, нақты тәжірибелер мен шабыт алдым», – деді қатысушылардың бірі, Қонаев қаласындағы“Д.А.Қонаев атындағы №1қазақ орта мектеп” МКМ мұғалімі Үміт Мұқан.

Талғар ауданы №27 «Келешек» мектебінің информатика пәні мұғалімі Айнұр Джабаева форумның тәжірибелік маңыздылығын атап өтті:


«Бүгінгі форум оқушылардың алған білімдерін өмірде қолдана алуына, яғни функционалдық сауаттылығын арттыруға бағытталған. Форумға еліміздің тоғыз облысынан және Өзбекстан Республикасынан келген үздік ұстаздар қатысып отыр. Бүгінгі басты мақсат – елімізді алға жетелейтін білімді, тәрбиелі, жауапты азамат тәрбиелеу», – деді ұстаз.

Ал мектеп директоры Данияр Тайжанұлы өз сөзінде форумның білім сапасын арттыруға бағытталған стратегиялық жоба екенін айтты:
«Келешек мектептері» жобасы аясында ашылғандықтан, біз білім мазмұны мен сапасына ерекше көңіл бөлеміз. Оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру үшін мектепте арнайы «Өнер алаңы» іске қосылды. Онда балалар өз қолымен жасап, тәжірибе арқылы үйренеді. Бұл – функционалдық сауаттылықты дамытудың тиімді жолы», – деді ол.

Форум соңында қатысушылар STEAM және жасанды интеллект бағытында білім берудің әдістемелік негіздерін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірледі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, білім беру жүйесін инновациялық бағытқа көшіру – ел дамуының басты шарты. Алматы облысында осындай бастамалардың жүзеге асуы өңірдің білім сапасын арттырумен қатар, болашақ ұрпақтың шығармашылық және сыни ойлау қабілеттерін дамытуға зор үлес қосуда.

Тегтер: STEAM AIАлматы облысыАлматы облысының білім басқармасыАрайлым ТөлеубековаБасты жаңалықтарЖасанды интеллектКелешек мектепТалғар ауданы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 61 саяжайға ауыл мәртебесі берілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Үлкен Алматы айналмалы автожолында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Щучинскіде кафеде жарылыс болды: 7 адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

«Көктем-2026»: Алматы облысында су тасқынына дайындық тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz