Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанда тұмауға қарсы вакцинация жүріп жатыр

Қазақстанда 23–29 қазан аралығында жедел респираторлық вирустық инфекциямен (ЖРВИ) 106 930 адам ауырған. Бұл көрсеткіш өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 1,5%-ға төмен (2024 жылы – 108 513 жағдай). Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
05.11.2025
Жаңалықтар

Эпидемиологиялық маусым басталған 1 қыркүйектен 29 қазанға дейін барлығы 1 128 140 ЖРВИ жағдайы тіркелген. Бұл көрсеткіш те өткен жылмен салыстырғанда 1,2 есе төмен. Ауру жұқтырғандардың 66%-ы – 14 жасқа дейінгі балалар (750 319 жағдай).

Министрлік мәліметінше, маусым басынан бері А типті тұмаудың (H3N2) 45 жағдайы расталған, оның 23-і – балалар арасында. Тұмауға жатпайтын вирустарға жүргізілген 1456 зертханалық талдаудың 30%-ынан оң нәтиже анықталған. Көбіне риновирус (60%), паратұмау (14,4%) және бокавирус (10,5%) тіркелуде.

Ел бойынша инфекциялық стационарларда 7 222 төсек-орын дайындалған, оның 39%-ы ғана толған. Қазіргі уақытта 2 793 пациент ауруханаға жатқызылған, оның 2 433-і ЖРВИ-мен, 360-ы пневмониямен ем қабылдауда. Министрлік инфекциялық бөлімшелерде артық жүктеме жоқ екенін, қажет болған жағдайда қосымша орындар барын мәлімдеді.

Тұмауға қарсы вакцинация жалғасуда. Осал топтарға арнап 2,1 млн доза вакцина сатып алынып, халықтың 11%-ын қамту жоспарланған (ДДҰ ең төменгі шекті – 10% деп ұсынады). 29 қазанға дейін 1 689 178 адамға екпе салынған.

Әлемдік жағдай

ДДҰ дерегінше, Еуропада тұмау белсенділігі артып келеді. Алты елде аурушаңдық базалық деңгейден асып, Испания мен Норвегияда індет тіркелген. 129 жағдайдың 98%-ы — А типті тұмау.

АҚШ-та вирус белсенділігі төмен: 38-аптада бар болғаны 27 жағдай тіркелді. Азия елдерінде (Катар, Сингапур) А(H1N1)pdm09, A(H3N2) және В типті тұмаудың ошақтары байқалуда.

Тегтер: ЖРВИқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жүгері жинау науқаны қызу жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

Қонаевта шетелдік университеттердің білім көрмесі өтеді

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

«Таза Қазақстан»: жыл басынан бері абаттандыру ережесін бұзудың 2740 дерегі анықталды

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

Алматы мен облысты байланыстыратын жолдар кеңейтіледі: Үкімет ірі жобаларды тексерді

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

Алматы облысында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жаңа тәсілі қолға алынды

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz