Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қазақстанда балаларды еңбекке баулу балабақшадан басталады

2025–2026 оқу жылында елімізде «Балаларды ерте жастан кәсіпке және еңбекке баулу» атты пилоттық жоба бастау алады, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Мөлдір Иманмади
28.10.2025
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар
фото: ortcom.kz.

фото: ortcom.kz.

Мамандардың айтуынша, мұндай тәжірибе балалардың ұқыптылық, жауапкершілік және еңбекқорлық қасиеттерін ерте қалыптастыруға мүмкіндік береді. Жоба сәтті жүзеге асса, алдағы уақытта еліміздің барлық өңірлерінде енгізілмек.

Жобаға республика бойынша 100 мектепке дейінгі ұйым қатысады, оның ішінде 62 мемлекеттік және 38 жекеменшік балабақша бар. Бағдарлама 4 пен 5 жастағы балаларды қамтиды. Кішкентай тәрбиеленушілер күнделікті ойын және тәжірибелік сабақтар арқылы түрлі мамандықтармен танысып, қарапайым еңбек дағдыларын меңгереді.

Алматы облысы бойынша бұл пилоттық жобаға 5 балабақша қатысады.

Олардың қатарында:
• Еңбекшіқазақ ауданындағы «Келешек» балабақшасы (мемлекеттік),
• Қонаев қаласындағы «Ақдидар» балабақшасы (мемлекеттік),
• Іле ауданындағы «Әдемі» балабақшасы (мемлекеттік),
• Талғар ауданындағы «Еркем-Ай Алматы» (жекеменшік) және «Жақсылық» (жекеменшік) балабақшалары бар.

Жобаның мақсаты – балаларды еңбекке баулу, олардың бойында еңбекқорлық, жауапкершілік және табандылық сияқты қасиеттерді қалыптастыру. Сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың маңызды бағыттарының бірі — еңбек пен түрлі мамандық иелеріне құрметпен қарауды үйрету.
Жоба мазмұны баланың жас ерекшелігі мен қызығушылығына сай әзірленуде. Балалар күнделікті ойын және тәжірибелік іс-әрекет арқылы түрлі кәсіп түрлерімен танысады, қарапайым еңбек дағдыларын меңгереді.
Жоба аясында балалардың еңбекке деген қызығушылығы артады, ұжымдық жұмыс пен еңбек ету қабілеті дамиды, сондай-ақ болашақ кәсіби бағдардың алғашқы қадамы жасалады.

Тегтер: алматы облысының жаңалықтарыБалаларды ерте жастан кәсіпке және еңбекке баулуБасты жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 61 саяжайға ауыл мәртебесі берілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Үлкен Алматы айналмалы автожолында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Щучинскіде кафеде жарылыс болды: 7 адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

«Көктем-2026»: Алматы облысында су тасқынына дайындық тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz