«Қазіргі таңда гидтер тек маусымдық жұмыс жасайды. Жаз біткен соң ресторандарға, басқа түрлі салаларға қызметке кетеді. Осы мәселені сізге жеткізгім кеп тұр. Олар жыл бойы жұмыс жасаса, біз жылда жаңа мамандарды оқытып, әуре болмас едік», — деп Айгүл Қаратаева өзінің көкейінде жүрген сұрағын қойды.
Өз кезегінде министр Дәурен Абаев: «Түркістан қаласында туризм саласы бойынша білім беретін ЖОО бар. Ол жерде гидтер білім алып жатыр. Бірақ, олар үш жылдан кейін ғана бакалавр атанады. Сіздің айтып отырған мәселеңіз орынды, министрлікке хат жолдаңыз. Қазақстанда гидтердің жыл бойы жұмыс жасауына мүмкіндіктер өте көп. Алдағы уақытта бұл мәселе өз шешімін табады», — деп жауап берді.