Top.Mail.Ru
Воскресенье, 1 февраля, 2026
  • Рус
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Ақтөбе облысы
    • Ақмола облысы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Батыс Қазақстан облысы
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Қарағанды облысы
    • Қостанай облысы
    • Қызылорда облысы
    • Маңғыстау облысы
    • Павлодар облысы
    • Солтүстік Қазақстан облысы
    • Түркістан облысы
    • Ұлытау облысы
    • Шымкент қаласы
    • Шығыс Қазақстан облысы
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Мультимедиа
    • Инфографика
    • Фотогалерея
    • Аудиожазба
    • Бейнеролик
  • Жұмысшы мамандықтар жылы
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Ақтөбе облысы
    • Ақмола облысы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Батыс Қазақстан облысы
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Қарағанды облысы
    • Қостанай облысы
    • Қызылорда облысы
    • Маңғыстау облысы
    • Павлодар облысы
    • Солтүстік Қазақстан облысы
    • Түркістан облысы
    • Ұлытау облысы
    • Шымкент қаласы
    • Шығыс Қазақстан облысы
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Мультимедиа
    • Инфографика
    • Фотогалерея
    • Аудиожазба
    • Бейнеролик
  • Жұмысшы мамандықтар жылы
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Home Аймақ

Қонаевта өткен «Жас қадам» форумы жас көшбасшылардың әлеуетін арттырды

Қонаев қаласында жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушылар мен жастар комитеті төрағаларының қатысуымен «Жас қадам» аймақтық форумы өтті, деп хабарлайды alataunews.kz.

by Қорлан Нұрланқызы
17.10.2025
in Аймақ, Алматы облысы

Екі күнге созылған бұл шара жастар саясатын дамытуға, жас буынның көшбасшылық қабілетін арттыруға және олардың әлеуметтік белсенділігін күшейтуге бағытталды.

Форумға Алматы облысының барлық өңірінен жүзге жуық жас маман қатысты. Биылғы басқосудың басты тақырыптары — жастарды есірткіден сақтау, қауіпсіз цифрлық мәдениетті қалыптастыру және көшбасшылық қасиеттерді дамыту болды.

Форум аясында қатысушылар түрлі семинарлар мен тәжірибелік тренингтерге қатысып, көпшілік алдында сөйлеу, ойды еркін жеткізу және интернеттегі қауіпсіздік тақырыптарында білімдерін жетілдірді. Мұндай форматтағы тәжірибелік сабақтар жастардың өз-өзіне сенімділігін арттырып, қоғамдық ортада белсенді әрекет етуіне ықпал етеді дейді ұйымдастырушылар.

Алматы облыстық Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Алтын Темірғалиева форум қатысушыларымен кездесуінде:
«2025 жыл профилактика жылы болып жарияланды. Осыған орай біз жастармен және еңбек ұжымдарымен кездесіп, мектептерде дәрістер өткізіп жүрміз. Мақсатымыз есірткінің зиянын түсіндіру, заң бойынша жауапкершілікті ескерту. Ең бастысы алдын алу. Сондықтан біз жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырып, түсіндіру жұмыстарын үздіксіз жүргіземіз», – деді.

Сондай-ақ форумда шешендік өнер, көшбасшылық және командалық жұмыс тақырыптарына арналған семинарлар ұйымдастырылды. Шешендік өнер әдіскері Ержан Дәулетбаев жастардың өз аймағында көшбасшы болуға қабілетті екенін атап өтті:

«Біздің басты тақырыбымыз шешендік өнер. Аудиториямен байланыс орнату, сендіру тәсілдері, анық сөйлеу мәдениеті жайында айтамыз. Мұнда жиналған жастар өз өңірінің көшбасшылары. Олар ертең өз командасын қалыптастырып, туған жерінің дамуына үлес қосады», – деді ол.

Форумның соңында белсенді жастар алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Жамбыл аудандық жастар ресурстық орталығының маманы Құндызай Ерғалиқызы форумның тиімділігіне тоқталып өтті:

«Форумның атмосферасы ерекше болды. Екі күн бойы семинарлар мен ойындар арқылы тәжірибе алмастық. Осындай еркін форматтағы кездесулер жастардың өзара байланысын нығайтып, жаңа идеялардың туындауына жол ашады», – деді ол.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Жас қадам» форумы жастардың кәсіби әлеуетін арттырып қана қоймай, олардың жаңа бастамаларға деген ынтасын оятады. Алдағы уақытта форумды дәстүрлі түрде өткізу жоспарланып отыр.

Tags: Алматы облысықазақстанҚонаев

Ұсынымдар

Алматы облысының мұғалімі республикалық педагогикалық хакатонда жеңіске жетт

29.01.2026

Нипах вирусы: қазақстандықтарға қауіпті елдерге бармауға кеңес берілді

29.01.2026

Тоқаев баспасөз хатшысын ауыстырды: Айбек Смадияров тағайындалды

29.01.2026

Алматы облысында жалған әкімдік шешімдері арқылы жер бөлінген

29.01.2026

Қонаевта нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес мәселелері талқыланды

29.01.2026

Алматы облысында еңбек адамдары марапатталды

29.01.2026
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Аймақ
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Мультимедиа
  • Жұмысшы мамандықтар жылы
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Ақтөбе облысы
    • Ақмола облысы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Батыс Қазақстан облысы
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Қарағанды облысы
    • Қостанай облысы
    • Қызылорда облысы
    • Маңғыстау облысы
    • Павлодар облысы
    • Солтүстік Қазақстан облысы
    • Түркістан облысы
    • Ұлытау облысы
    • Шымкент қаласы
    • Шығыс Қазақстан облысы
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Мультимедиа
    • Инфографика
    • Фотогалерея
    • Аудиожазба
    • Бейнеролик
  • Жұмысшы мамандықтар жылы
  • Рус

© 2022-2024 www.alataunews.kz