Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Мақала

Алматы облысы әлем назарында – түйе керуені Гиннестің рекордтар кітабына енді

Мөлдір Иманмади
11.10.2025
Мақала
Фото: Дамир Нұрқасым

Фото: Дамир Нұрқасым

Қазақстан тарихында тұңғыш рет әлемдік деңгейдегі рекорд ресми түрде тіркелді. Бүгін Гиннестің рекордтар кітабының өкілі Ричард Стэннинг Алматы облысын «Әлемдегі ең үлкен түйе керуені» атағының иегері ретінде ресми сертификатпен марапаттады.

Бұл бірегей жетістік 2025 жылдың 20 қыркүйегінде Іле ауданының Күрті ауылдық округінде өткен «Әлемдегі ең үлкен түйе керуені – 2025» мәдени шарасы барысында орнатылған болатын.
Керуенге 1000 түйе қатысып, олар арнайы дайындалған 1 шақырымдық бағытты жүріп өтті.

Гиннестің ресми өкілі Ричард Стэннинг бұл шараны ұйымдастыру деңгейі мен мәдени мәні жағынан әлемдік үлгі екенін атап өтті.

“Бүгін Қазақстанға осы сертификатты табыстауға арнайы келдім. Іс-шараға жақсы дайындалыпты, барлығы өте жоғары деңгейде өтті. Бұл сертификат — тек Сыдық ағаның ғана емес, керуеннің өтуіне атсалысқан барлық адамдардың еңбегінің арқасында жеткен жетістік. Қазақстанның табиғаты өте әдемі әрі ауыл шаруашылығы дамыған ел екен. Болашаққа бұл жерге турист ретінде де келгім келеді”, — деді Ричард Стэннинг.

Ауқымды бастама Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен және «Даулет-Бекет» ЖШС жетекшілігімен жүзеге асқан. Шараның мақсаты – ұлттық рухты жаңғыртып, көшпелі мәдениетті дәріптеу, туризм мен кәсіпкерлікті дамыту. Бұл жетістік бүгінде бүкіл түркі әлемінің абыройын асқақтатты.

Сонымен қатар, Сыдық Даулетов Ричард Стэнниг мырзаға өзінің сүт өңдеу зауыты мен шипажайын таныстырды. Бүгінгі күннің Ойсыл қарасы еңбегінін ақталғанын айтып, қуанышын жасырмады.

“Гиннестің рекордтар кітабына ену мен үшін оңай болған жоқ. Дайындыққа 6 ай уақыт өтті. Еркіндікте, кең далада жайылып өскен қазақтың түйесін қолға үйретуге үлкен күш жұмсадық. Оның өзіне 3 айдай дайындық кетті. Осылайша 20 қыркүйекке жослаған шарамызды сәтті аяқтадық. Бүгін міне соның нәтижесін алып келді. Өте қуаныштымын. Бұл түсінген адамға жалғыз менің ғана емес еңбегім емес. Сондықтан мал өсіріп отырған Ақши ауылының, Іле ауданының тұрғындарына, Қолдау көрсеткен Алматы облысының әкімі Марат Елеусізұлына үлкен алғысымды айтамын. Бұның бәрі еліміздің бейбітшілігінің арқасы, әрдайым ауызбіршілігіміз мықты болып, бір жеңнен қол бір жағадан бас шығарсақ алатын белестеріміз өте көп. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Сертификатымыз құтты болсын!”, — деді рекордсмен Сыдық Даулетов.

“Әлемдегі ең үлкен түйе керуені” енді еліміздің мәдени және туристік брендіне айналып, Алматы облысының халықаралық беделін арттыра түседі.

Тегтер: алматы облысының жаңалықтарыБасты жаңалықтарГиннестің рекордтар кітабыСыдық Даулетовтүйе керуені

Соңғы жаңалықтар

Как идет профилактика и борьба с коррупцией в системе санитарно-эпидемиологического контроля в Алматинской области за 2025 год

Николай Иващенко
03.03.2026

Предприниматели Алматинской области креативно подошли к агитации по предстоящему референдуму

Николай Иващенко
02.03.2026

Как найти свой избирательный участок в Алматинской области на референдум

Николай Иващенко
02.03.2026

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz