Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысының оқушылары республикалық байқауда жүлдегер атанды

2025 жылдың 8–10 қазан күндері Атырау қаласында, Абай атындағы оқушылар орталығында «Махамбет оқулары» республикалық ғылыми-шығармашылық конкурсының ақтық кезеңі өтті, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Мөлдір Иманмади
10.10.2025
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Бұл байқау – жас ұрпақтың отаншылдық рухын, ақын Махамбет Өтемісұлының шығармашылығына деген сүйіспеншілігін арттыруды мақсат етеді.

Алматы облысының намысын 5 оқушы қорғап, өз білімдері мен шығармашылық қабілеттерін жоғары деңгейде көрсетті.

Нәтижесінде:
«Ұлы арман» бағыты бойынша — Махамбет шығармаларынан иллюстрациялық сурет салу номинациясында
Алатау қаласы №6 орта мектебінің 10-сынып оқушысы Рафат Дана – III орын иегері атанды.

«Біз неткен ер, неткен ер? Сергелдеңмен өткен ер?» бағыты бойынша — «Хандар мен билеушілер», «Батырлар» тақырыбына арналған ғылыми жоба қорғау номинациясында
Талғар ауданы №29 жалпы білім беретін орта мектептің 9-сынып оқушысы Бекбергенова Аяна – II орын иеленді.

 Жас дарындарды және олардың жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз!
Олардың жетістігі – облысымыздың білім саласындағы табысының айғағы, ал рухты Махамбет жыры – жас ұрпақтың бойында елдік пен ерліктің мәңгілік отын жаға бермек.

Тегтер: алматы облысының жаңалықтарыБасты жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz