Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Оңтүстік өңірлерде магнитудасы 5,9 баллдық жер сілкінісі болды

Қазақстанның оңтүстік аймақтарында түнгі уақытта жер сілкінісі тіркелді. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің «Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС мәліметінше, дүмпу 2025 жылғы 6 қазан күні, сағат 01:29-да (Астана уақытымен) тіркелген, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
06.10.2025
Жаңалықтар

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 465 шақырым қашықтықта, Қырғызстан аумағында орналасқан. Эпицентр координаттары – 42.270º солтүстік ендік пен 71.378º шығыс бойлық. Тереңдігі шамамен 10 шақырым, ал жер сілкінісінің магнитудасы MPV 5.9 деңгейінде болды.

Жер сілкінісі Жамбыл және Түркістан облыстарында, сондай-ақ Шымкент қаласында айқын сезілген. MSK-64 шкаласы бойынша дүмпудің күші төмендегідей бағаланды:

  • 4 балл: Жамбыл облысы (Тараз, Жуалы, Байзақ, Жамбыл аудандары), Түркістан облысы (Түлкібас, Төлеби аудандары);

  • 3 балл: Қаратау, Манкент, Ақсукент, Қазығұрт, Темірлан, Шымкент қаласы;

  • 2 балл: Жаңатас, Сарыағаш, Келес, Шу, Түркістан, Кентау, Жетісай және Шардара қалалары.

ҚР ТЖМ мәліметінше, қираулар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Министрліктің күштері мен құралдары жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, жағдайды бақылауда ұстап отыр.

Төтенше жағдайлар вице-министрі Батырбек Әбдішевтің төрағалығымен ТЖМ жедел штабының бейнеконференция форматында отырысы өтіп, өңірлердегі ахуал талқыланды.
– ТЖМ күштері кез келген жағдайға толық дайын. Барлық инфрақұрылым штаттық режимде жұмыс істеп тұр, – делінген министрлік хабарламасында.

«Қазселденқорғау» мекемесінің мамандары аймақтағы сейсмикалық белсенді аудандарға барып, топырақтың деформациясын, жарықтар мен шөгулерді тексерді. Елеулі зақымданулар мен қауіп белгілері анықталған жоқ.

Тіршілікті қамтамасыз ету объектілері мен стратегиялық нысандар қалыпты режимде жұмыс істеуде.

Тегтер: жер сілкінісіқазақстан

Соңғы жаңалықтар

СІМ басшысы: Қазақстан заңсыз көші-қонмен күресті күшейтіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Қазақстанда медициналық мақсаттағы есірткі құралдарының тізімі кеңейтілді

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында өрік фестивалі өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында 251 млн теңге субсидияны заңсыз алғандарға сот үкімі шықты

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz