Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Талғар медициналық колледжінде маңызды кездесу өтті

Алматы облысы Талғар медициналық колледжінде «Мемлекеттік рәміздер – біздің егемендігіміздің мызғымас негіздерінің бірі» атты маңызды кездесу өтті, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Мөлдір Иманмади
30.09.2025
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Іс-шара әлеуметтік тапсырыс аясында “Іле мұрагер” қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткізілді.

Бұл кездесудің басты мақсаты – мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік қызметшілерге Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін қолданудың құқықтық және нормативтік тәртібін түсіндіру, сондай-ақ жастар арасында рәміздерге деген құрмет пен патриоттық сезімді қалыптастыру болды.

Кездесуге Талғар ауданы Ішкі саясат бөлімінің бас маманы Әбдібай Өркен және ҚР Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті РММ-нің бас маманы, инспектор Отыншиев Дамир Болатұлы қатысты. Олар мемлекеттік рәміздердің – Ту, Елтаңба және Әнұранның – мәні мен маңызына, оларды дұрыс қолдану ережелеріне, рәміздер арқылы ел бірлігі мен ұлттық сана-сезімді арттырудың маңыздылығына тоқталды.

Кездесу барысында қатысушылар белсенділік танытып, өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, пікір алмасуға атсалысты. Бұл өз кезегінде жастардың елдік мәселелерге бейжай қарамайтындығын және азаматтық белсенділігінің жоғары екендігін көрсетті.

Мұндай іс-шаралар – өскелең ұрпақты елжандылыққа тәрбиелеудің, ұлттық құндылықтарды дәріптеудің маңызды тетігі. Мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсету – әрбір азаматтың парызы. Сол себепті мұндай кездесулердің мәні де, маңызы да ерекше.

Соңғы жаңалықтар

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

Что делать, если поезд уехал, а пассажир опоздал на посадку

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв в Щучинске: стали известны личности погибших и пострадавших

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв и пожар в Щучинске – 26 пострадавших и 7 погибших

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz