Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қазақстандық фермерлер дизель отынымен толық қамтамасыз етілді

Үкімет отырысында ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов мәлім еткендей, “ҚазМұнайГаз” бен “Петросан” ел нарығына дизель отынын жеткізіп, ауыл шаруашылығы өндірушілерін қамтамасыз етеді. Бұл туралы Alataunews.kz ҚР энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

17.08.2022
Аймақ, Жаңалықтар

Сондай-ақ Үкімет отырысында Бақыт Ақшолақов дизель отынына сараланған жаңа тарифтер туралы айтты.

Мәселен, азаматтың өзімен бірге жүргізуші куәлігі болса, күніне 100 литрге дейін дизель сатып ала алады. Бағасы шамамен 230-260 теңге аралығында. Ал жүк көлігін тізгіндегендерге жүргізуші куәлігі мен техникалық құжатын көрсеткен жағдайда тәулігіне 300 литрге дейін алуға рұқсат. Белгіленген мөлшерден көп алғысы келетіндерге баға басқа – шамамен литрі 450 теңге. Бірінші кезекте дизелді ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер мен жанармай бекеттері алады. Содан кейін өнеркәсіптік кәсіпорындар мен Қазақстан темір жолы қол жеткізеді. Ал күзгі дала жұмыстарын жүргізушілерге арнайы баға белгіленеді.

«Күзгі дала жұмыстарын жүргізу үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге белгіленген баға – 1 тоннасына 222 мың теңгені (литріне 184 теңге) құрайды. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін барлық жоспарланған көлемдер толық орындалатын болады. Бұл көлемдерді негізгі жеткізушілер – “ҚазМұнайГаз” бен “Петросан», – деді Ақшолақов.

Бұл мәселені ҚР Энергетика министрлігі мен «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы тікелей бақылауға алды.

Тегтер: дизельотын

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz