Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысына тағы да 3,5 млрд теңге инвестиция тартылды

Алматы облысында өндірістік әлеуетті арттыруға бағытталған ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Мөлдір Иманмади
26.09.2025
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар
Фото: Дамир Нұрқасым

Фото: Дамир Нұрқасым

Жамбыл ауданында заманауи технологиямен жабдықталған «BOSAGA Co» ЖШС кірпіш зауытының құрылысы басталды. Жобаның жалпы құны – 3,5 млрд теңге.

Кәсіпорын жылына 50 млн дана кірпіш шығаратын қуатқа ие болады. Қазіргі уақытта 50 адам тұрақты жұмыспен қамтылып, олардың орташа айлық еңбекақысы 300 мың теңгені құрап отыр.

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев зауыт құрылысының барысымен танысып, аталған нысанның өңір экономикасын дамытудағы маңыздылығын атап өтті.

«Бұл жоба – облыстың инвестициялық тартымдылығының нақты дәлелі. Өндірістік нысандардың көбеюі жаңа жұмыс орындарының ашылуына, халықтың табысын арттыруға ықпал етеді», – деді әкім.

Зауыт директоры Қуанбек Ұланбатыр да жобаның ерекшелігіне тоқталды.

«Біздің басты мақсатымыз – аймаққа сапалы құрылыс материалы қажет болғанда, импортқа тәуелділікті азайту. Жергілікті шикізат негізінде экологиялық таза өнім шығарып, нарыққа жеткізуді көздеп отырмыз», – деді ол.

Зауыт 2025 жылдың соңына дейін толық іске қосылады деп жоспарланып отыр.

Тегтер: «BOSAGA Co» ЖШСалматы облысының жаңалықтарыБасты жаңалықтарЖамбыл ауданыкірпіш зауыты

Соңғы жаңалықтар

В Алматинской области дан старт строительству экологического индустриального объекта

Николай Иващенко
16.04.2026

В Алматинской области стартует масштабная кампания по борьбе с саранчой: под мониторингом окажется более 1,8 млн гектаров

Николай Иващенко
16.04.2026

Пьяная компания избила врача и медсестру в Экибастузе

Николай Иващенко
16.04.2026

Начальника управления полиции Атырау уволили и водворили в изолятор

Николай Иващенко
16.04.2026

В одной из воинских частей Павлодара произошла стрельба: погиб контрактник

Николай Иващенко
16.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz