Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанда «Ұстазыңды құттықта!» челленджі басталды

Елімізде 25 қыркүйек пен 5 қазан аралығында «Ұстаз – ұлт шамшырағы» онкүндігі өтеді. Ауқымды шара аясында еліміздің барлық өңірінде күн сайын педагогтерге арналған мерекелік және тақырыптық іс-шаралар ұйымдастырылады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
25.09.2025
Жаңалықтар

Бұл бастама ұстаз мәртебесін көтеруге, мұғалім мамандығын кеңінен насихаттауға және оның қоғамдағы ерекше рөлін айшықтауға бағытталған.

Ұстаздық – тек мамандық емес, үлкен миссия. Педагогтер өскелең ұрпақты тәрбиелеп, ұлттың зияткерлік әлеуетін қалыптастырады, әр баланың өз жолын табуына бағыт береді. Бүгінде еліміздегі 22 мыңнан астам білім беру ұйымында 6 миллионға жуық оқушыға 600 мыңнан аса педагог сапалы білім беруде.

Челлендждің мақсаты

Оқу-ағарту министрлігі онкүндік аясында «Ұстазыңды құттықта!» челленджін жариялады.
Шараның басты мақсаты – әр балаға білім мен тәрбие берген, оның тұлға болып қалыптасуына үлес қосқан ұстазға алғыс білдіру және құрмет көрсету.

Челленджге кез келген азамат қатыса алады. Ол үшін:

  • әлеуметтік желілерде #Ұстазыңдықұттықта және #ПоздравьУчителя хэштегтерімен құттықтау жариялау;

  • өз ұстазыңызға қоңырау шалып, жылы лебіз білдіру;

  • құттықтау хатын немесе естеліктеріңізбен бөлісу жеткілікті.

Ұстаздар күні – 5 қазан

Айта кетейік, 2023 жылдан бастап Қазақстанда Ұстаздар күні ресми түрде 5 қазанда атап өтіледі. Бұл күні еліміздің түкпір-түкпірінде ұстаз еңбегін ұлықтауға арналған түрлі мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылып, білім беру саласына қосқан үлесі үшін педагогтер марапатталады.

«Ұстазыңды құттықта!» челленджі – ұстаздар еңбегіне құрмет білдірудің және оларды қолдаудың жарқын үлгісі болмақ.

Тегтер: қазақстанмереке

Соңғы жаңалықтар

Қонаевтағы 58 жыл жөндеу көрмеген гимназия жаңартылады

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Шеңгелдіде 16 көшенің жолы жөнделіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Райымбек ауданында алғаш рет егілген зығырды жинау басталды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Алматы облысында картоп жинау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Балқаш ауданында күріш жинау науқаны басталды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz