Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Зеленский Путинмен келіссөзді Қазақстанда өткізуді ұсынды

Украина президенті Владимир Зеленский Ресей басшысы Владимир Путинмен тікелей келіссөз жүргізуге дайын екенін мәлімдеді. Ол бұл кездесуді бейтарап алаңда өткізуге болатынын атап өтіп, келіссөздер өтетін елдердің қатарында Қазақстанды да атады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
24.09.2025
Жаңалықтар

Fox News арнасына берген сұхбатында Зеленский бірнеше елдің келіссөз алаңы ретінде қарастырылып отырғанын айтты.

«Біз Түркия, Сауд Арабиясы, Катар және Австрия, Швейцария сияқты бейтарап еуропалық мемлекеттердің атын атадық. Қажет болса, Қазақстанды да қарастыруға болады», – деді Украина президенті.

Владимир Зеленскийдің айтуынша, екі елдің көп уақыт жоғалтпай келісімге келуі маңызды. Ол Мәскеудің диалогқа бармай отырғанын уақытты созу әрекеті деп бағалап, нақты әрі нәтижелі келіссөздердің қажеттігін баса айтты.

Бұл мәлімдеме Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты бейбіт жолмен реттеу үмітін жандандырып отыр. Алайда келіссөздер өткізу туралы шешім тараптардың өзара саяси ерік-жігеріне байланысты болмақ.

Тегтер: қазақстанРесей мен Украина

Соңғы жаңалықтар

Қонаевтағы 58 жыл жөндеу көрмеген гимназия жаңартылады

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Шеңгелдіде 16 көшенің жолы жөнделіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Райымбек ауданында алғаш рет егілген зығырды жинау басталды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Алматы облысында картоп жинау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Балқаш ауданында күріш жинау науқаны басталды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz