Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алдағы күндері жауын-шашын жиілеп, күн суытады

Алдағы аптада Қазақстанның көптеген өңірлерінде ауа райы күрт өзгеріп, жаңбыр жиілеп, күн салқындайды. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұркен Шәрбиев Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
23.09.2025
Жаңалықтар

Вице-министрдің айтуынша, 23–30 қыркүйек аралығында еліміздің астықты аймақтарында егін жинау жұмыстарына қолайсыз ауа райы күтіледі.

«Қостанай, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының басым бөлігінде аталған кезең бойы жаңбыр жауады. Ақтөбе облысында 26–30 қыркүйек күндері жауын-шашын күтілсе, Батыс Қазақстан облысында 25–29 қыркүйек аралығында жаңбыр болады. Қарағанды және Ұлытау облыстарында 23, 27 және 30 қыркүйекте, Павлодар облысында 23–25 және 28–30 қыркүйекте жауын жауады. Шығыс Қазақстанда 23–24 және 29–30 қыркүйекте жаңбыр күтіледі, – деді Шәрбиев.

Сондай-ақ ол жауын-шашын күндері қатты жел соғатынын атап өтті.

«23 пен 30 қыркүйек аралығында күндізгі және түнгі ауа температурасы біртіндеп төмендеп, түнде аяз түсуі мүмкін», – деп ескертті вице-министр.

Қазан айының орташа айлық температурасы елдің басым бөлігінде қалыпты деңгейде сақталады. Дегенмен батыс, оңтүстік-батыс және оңтүстік өңірлерде ауа райы әдеттегіден жылы болады деп күтілуде.

Сонымен бірге вице-министрдің айтуынша, қазан айында батыс, солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыстағы таулы аймақтарда жаңбыр жиі жаууы мүмкін.

Тегтер: ауа райықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz