Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Елімізде екі жоғары оқу орнының басшылары жазаланды

Ішкі істер министрлігіне қарасты екі жоғары оқу орнында оқу және оқу-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыруда өрескел бұзушылықтар мен кемшіліктер анықталды, деп хабарлайды Alataunews.kz агенттігі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

17.08.2022
Жаңалықтар, Қоғам

Тексеру Қостанай академиясы мен ІІМ Ақтөбе заң институтының басшылығы оқу-әдістемелік жұмысты сапалы және нәтижелі жүргізбегенін, мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттардың сақталуына тиісті бақылауды жүзеге асырмағанын көрсетті.

Оның үстіне оқу-әдістемелік процесті ұйымдастыру жолға қойылмаған, оқу орындары бөлімшелерінің жұмысын үйлестіру өз деңгейінде емес.

Қостанай академиясы мен Ақтөбе заң институты басшылығының жұмысындағы олқылықтар мен қателіктер үшін Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов жазалау туралы бұйрыққа қол қойды.

ҚР Ішкі істер министрлігі Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы бастығының орынбасары Ахан Нурушевке қызмет көрсету талаптарын толық орындамағаны туралы ескерту жарияланды. Ал, ҚР Ішкі істер министрлігі М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының бастығы Алтай Байсұлтановқа қатаң сөгіс жарияланды.

Тегтер: заңсыз әрекетҚостанай облысы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz