Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Әр талды баладай баптайды: Облыс әкімі Жалағаштағы 2 млн түп шыршаның күтімін көріп қайтты

Мөлдір Иманмади
12.09.2025
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар
Фото: Дамир Нұрқасым

Фото: Дамир Нұрқасым

Алматы облысында жасыл-желек қорын көбейтуге ерекше мән берілуде. Бұл бағыттағы жұмыстардың бірі – орман шаруашылығы тәлімбақтарын дамыту. Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев Жалағаш орман шаруашылығы тәлімбағына барып, мұндағы ағаш көшеттерінің өсірілу барысымен танысты, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Тәлімбақта Шренк шыршасы, арша (туйя), Қырым қарағайы мен қарағайдың көшеттері өсірілуде. Мамандар әкімге екі, үш және төрт жылдық Шренк шыршасының күтімі мен ерекшеліктерін таныстырды.

«Мына тәлімбаққа біз жылда Шренк шыршасын егеміз. Ол үшін алдымен бір жыл бұрын шыршаның бүрлерін теріп алып, кептіреміз. Одан кейін тұқымын жинап, зертханада сапасын тексереміз. Қыста 45 күнге қарға көміп, кейін кептіріп, марганцовкамен жуамыз. Содан соң арнайы қарықтарға егеміз. Күннен қорғау үшін осындай қалқандар орнатылады», – деді облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қанат Нүсіпбаев.

Жас көшеттің күтімі де ерекше. Уақтылы суару, құстың шабуылынан қорғау, арам шөптен тазарту – бәрі де егілген талдың тамыр жаюына ықпал етеді.

«Шырша көшеті кішкентай бала секілді, алғашқы жылдары әр талды ерекше күтіп-баптау қажет», – дейді шаруалар.

Жалағаш тұқымбағының жалпы аумағы – 54 гектар. Биыл мұнда 0,5 гектарға 400 мың түп көшет отырғызылған. Қазіргі таңда 2,6 гектар аумақта 2 млн 216 мың түп Шренк шыршасы өсірілуде.

Алматы облысында барлығы 12 тәлімбақ жұмыс істейді. Оның екеуі тұрақты, 10-ы уақытша. Бұл жерлерде өсірілген жас көшеттер облысты ғана емес, көршілес аймақтарды да жасыл желекпен қамтуға мүмкіндік беріп отыр.

Жалағаш тәлімбағы – өңірдің жасыл қорын молайтудағы маңызды орындардың бірі. Мамандардың айтуынша, мұндағы әрбір егілген көшет болашақта орман алқабын ұлғайтып қана қоймай, Алматы облысының экологиялық тепе-теңдігін сақтауға зор үлес қосады.

Тегтер: алматы облысының жаңалықтарыБасты жаңалықтарЖалағаш орман шаруашылығыКеген орман шаруашылығыШренк шыршасы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 61 саяжайға ауыл мәртебесі берілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Үлкен Алматы айналмалы автожолында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Щучинскіде кафеде жарылыс болды: 7 адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

«Көктем-2026»: Алматы облысында су тасқынына дайындық тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz