Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Жасыл байлықтың жаңа ордасы: Кеген орман шаруашылығының заманауи ғимараты ашылды

Алматы облысында Кеген орман шаруашылығының жаңадан салынған ғимаратының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Мөлдір Иманмади
12.09.2025
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Жаңа ғимараттың лентасын қию рәсіміне Алматы облысының әкім Марат Елеусізұлы Сұлтанғазиев қатысып, Кеген ауданының тұрғындары мен орман шаруашылығының қызметкерлерін айтулы шарамен құттықтады.

Облыс әкімі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтің табиғатты қорғау саласы бойынша айтқан бірқатар міндеттерін айқындады. Әсіресе орман шаруашылығы бөлімшелерінің материалдық-техникалық базасын күшейту бойынша берілген нақты тапсырмаларды еліміздің экологиялық қауіпсіздігі мен жасыл қорды сақтау жолындағы стратегиялық міндеттердің бірі екенін тілге тиек етті.

«Бүгінгі шара тек ғимараттың салтанатты ашылу шарасы ғана емес, еліміздің орман шаруашылығын жаңа деңгейге көтеретін экологияны қорғауға бағытталған нақты қадам. Кеген орман шаруалығы мекемесінің тарихы тереңде жатыр. Ол 1946 жылдан бері ұжым орманды қорғау, сақтау және көбейту жолында үздіксіз еңбек етіп келеді. Салынған жаңа әкімшілік ғимарат мемлекетіміздің айқын қолдауының белгісі. Заманауи нысан мамандардың өз кәсіби міндеттерін жоғары деңгейде орындауға мүмкіндік береді. Бұл ең алдымен сапалы еңбекпен табиғатта аялау ісінде  жаңа бастамаларға жол ашады. Осы жобаның іске асуына атсалысқан құрылысшыларға, мердігер ұйымға және жауапты тұлғалардың барлығына алғысымызды білдіреміз», — деді облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев.

1946 жылы құрылған Кеген орман шаруашылығының негізгі бағыты орманды сақтау, қорғау, молайту және орман өсіру. Мекемеде 109 адам қызмет етеді. Екі қабатты ғимараттың жалпы ауданы 440,1 шаршы метр. Жоба құны – 414,4 млн теңге.

Қарқара орманшылығының орманшысы Ренат Алпысбаев та орманшылар атынан облыс әкіміне алғыс білдіріп, Орманымызды ары қарай көбейтуге және көгалдандыруға барынша атсалысатындарын жеткізді.

Игі шараға қуана жиналған халық арасында орман саласының ардагерлері де үнсіз қалмады.

«Бүгін міне ескі ғимараттың орнына сәулеті келіскен зәулім ғимарат бой көтерді. Жаңа ғимараттың салынуы Кеген орман шаруашылығының қажырлы еңбегінің, еліне деген адал қызметінің айғағы. Бұл шаңырақта талай игі бастамаларға жол ашылып, орман өсіру мен қорғауда тың идеялар жүзеге асарына сенімім мол. Зейнеткерлікке шықсам да осы ұжыммен бірге өткізген жылдар әрдайым жүрегімде. Жаңа ғимараттарыңыз берекелі болсын, қабырғасы мықты болсын. Еңбектеріңіз жемісті бола берсін. Еліміздің жасыл байлығын сақтап, келер ұрпаққа аманат етудегі еңбектеріңізге сәттілік тілеймін», — деп орман саласының зейнеткері Кенжебек Досайбеков құттықтап, ақ батасын берді.

Айта кетейік, бүгінде 89 мың гектарға жуық жер мемлекет қамқорлығында болса, соның 27 мың гектары орманды алқап.

Тегтер: алматы облысының жаңалықтарыКеген орман шаруашылығы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 61 саяжайға ауыл мәртебесі берілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Үлкен Алматы айналмалы автожолында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Щучинскіде кафеде жарылыс болды: 7 адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

«Көктем-2026»: Алматы облысында су тасқынына дайындық тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz