Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Мақала

«Ел шебін қорғаған ерлерге – еңселі баспана»: Шекарашылар баспаналы болды

Мөлдір Иманмади
11.09.2025
Мақала
Фото: Дамир Нұрқасым

Фото: Дамир Нұрқасым

Алматы облысының Райымбек ауданындағы Нарынқол шекара бөлімінде шекарашыларға арналып жаңа тұрғын үйлер пайдалануға берілді, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Құрылыс жұмыстары 2024 жылдың қараша айында басталып, биыл толық аяқталды.

Жаңа пәтерлердің әрқайсысының аумағы – 70 шаршы метр. Жалпы жоба құны 124,3 млн теңгені құрады. Қажетті қаржы әкімдік тарапынан бөлінді.

Жаңа баспана иелеріне кілт табыстау рәсіміне Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев арнайы келіп, шекарашыларды құттықтап, тілек білдірді.

«Құрметті шекара қызметкерлері және жерлестер! Бүгінгі қуанышты сәтпен, жаңа баспаналы болуларыңызбен шын жүректен құттықтаймын. Тек тұрғынүй кілтін табыстау ғана емес, мемлекет пен халықтың сіздерге деген сенімі мен ыстық ықыласының көрінісі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, шекарашылар мемлекеттіктің бұлжымас кепілі. Олар еліміздің тәуелсіздігі мен тұтастығының сенімді сақшылары. Әрине, әділет пен тұрақтылық ең алдымен әскерилердің оның ішінде шекарадағы қызметтің адалдығынан басталады. Сол себепті, бүгінгі баспаналар сіздердің қажырлы еңбектеріңіз бен адал қызметтеріңіздің жемісі. Нарынқол өңірі шекара тарихының алтын қазығы әу бастан «Баянқол» постынан бастау алған күзет қызметі бүгінде бүкіл елдің абыройы мен айбарына айналды. Осындай жауапты қызметті абыроймен атқарып жүрген Сіздерге мемлекет әрдайым қамқорлық жасап, жұмыс жағдайларыңызды жақсартуға ерекше мән береді. Жаңа баспаналар отбасыларыңызға сенімді қорған, болашаққа нық қадам, ал бұл үйлерде өсіп жатқан жас ұрпақ елге адал қызмет етудін, шынайы отансүйгіштіктің үлгісін көріп өседі деп сенемін. Құрметті шекарашылар қызметтеріңіз нәтижелі, болашақтарыңыз жарқын болсын», — деді облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев.

Қазіргі уақытта, Алматы облысы әкімдігі шекара қызметінің инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған ауқымды жұмыстар жүргізуде. Соның нәтижесінде 6 отбасы жаңа баспанамен қамтамасыз етілді.

«Бүгін Нарынқол шекара бөліміндегі «Баянқол» шекара бөлімшесінде маңызды сәттің куәсі болып отырмыз. Алматы облысы әкімдігі мен Райымбек ауданы әкімдігі бірлесіп, шекара қызметінің инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған бірқатар жұмыстар атқарып жатыр. Соның бірі шекара шебіндегі қызметкерлерге үй салынып, 6 отбасы жаңа баспанамен қамтамасыз етілді. Бұрын да үйлер болғанымен, бұл жаңа үйлер заман талабына толық сай салынды. Қажетті қаржыны әкімдік бөлді. Қазір шекара басқармасының бастығы мен облыс әкімі келіп, өз қолдарымен кілттерді табыстап жатыр. Барша қолдау көрсеткендерге алғысымыз шексіз», – деді Нарынқол шекара бөлімінің бастығы, подполковник Айдос Айтахунов.

Жаңа үйлердің салынуы шекарашылардың әлеуметтік жағдайын жақсартып қана қоймай, олардың қызметтік міндетін сапалы атқаруына да серпін бермек.

Айта кетейік, қазіргі уақытта, Нарынқол шекара бөлімінің жауапты аймағы Қырғызстан Республикасымен 61 шақырым, Қытай Халық Республикасымен 50 шақырымды қамтиды.

Тегтер: "Баянқол" шекара бөлімшесіалматы облысының жаңалықтарыБасты жаңалықтарНарынқол шекара бөліміүй берілдішекарашылар

Соңғы жаңалықтар

СІМ мәлімдемесі: алғашқы эвакуациялық автобустар Дубайдан жолға шықты

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысында су тасқыны қаупі орташа: дайындық күшейтілді

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысында референдумға дайындық: есептен шығару куәлігін қалай алуға болады?

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Қазақстанда «Стрептоцид» дәрісі айналымнан алынды

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Таяу Шығыс бағыттары жабылды: билеттер 13 наурызға дейін сатылмайды

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz