Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

AUYL SPORT 2025: ауыл балаларына жаңа мүмкіндік

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 8 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында бұқаралық спортты дамытуға айрықша мән берді. Президенттің бастамаларын үнемі қолдайтын Тимур Құлыбаевтың Halyk қоры биыл да ауыл балаларына үлкен спортқа жол ашатын «AUYL SPORT» турнирін өткізеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
09.09.2025
Жаңалықтар

11 қыркүйек пен 12 қазан аралығында өтетін II өңірлік «AUYL SPORT 2025» турнирі Қызылорданың құмды даласынан басталып, еліміздің барлық өңірін аралап, мыңдаған жас спортшыға шабыт сыйлайды.

Турнир ауқымы

Биыл додада еліміздің 17 аймағынан 10 мыңға жуық жасөспірім қатысады. 10-15 жас аралығындағы спортшылар каратэ, бокс, еркін күрес, шахмат, үстел теннисі, баскетбол және волейбол секілді жеті спорт түрінен 244 медаль жиынтығын сарапқа салады. Бұл ауқымды шараға 100 кәсіби төреші жұмылдырылды, сондай-ақ, жергілікті спорт басқармалары мен аккредиттелген федерациялар толық қолдау көрсетіп отыр.

Жарысқа еліміздің әр ауылынан келген спорт сүйер жастары қатысып, жеңіске таласады. 11 қыркүйектен 12 қазанға дейін аймақтық кезеңдер өтеді. Одан өткендер 3-6 қарашада Алматыда өтетін республикалық финалда кездесіп, чемпион атағын сарапқа салады.

Биылғы мақсат мен жаңалықтар

Halyk қорының Атқарушы директоры Ғалымбек Жақсылықов турнирдің басты мақсаты мен биылғы жоспарлар жайлы пікір білдірді.
«AUYL SPORT-тың мақсаты – ауыл спортына жаңа серпін беру. Біз бұл жобаны бір реттік жарыс емес, балаларға тұрақты алаңға айналдыруға тырысамыз. Биыл үстел теннисін енгізіп, ауыл мектептерінде кәсіби дайындық жасауға жағдай жасадық. Жаттықтырушыларды даярлап, спорт залдарын жаңартып жатырмыз» – деді ол. 

2025 жыл жоба үшін жаңа белестердің жылы болмақ. Биыл AUYL SPORT бағдарламасына үстел теннисі қосылды. Қарапайым құрал-жабдықпен шағын мектептерде де жаттыға алатын бұл спорт түрі ауылдар үшін ең қолжетімді бағыттардың бірі саналады. Федерациямен бірлесіп, жаңа жаттықтырушылар даярлау және үстел теннисі турнирлерін өткізу жұмыстары да басталып кетті.

 Серіктестік және Академияның үлесі

«AUYLSPORT» жобасын іске асыру аясында 2024 жылы Halyk қайырымдылық қоры мен Қазақ спорт және туризм академиясы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған еді. Меморандум аясында спортпен шұғылданатын ауыл балалары мен жасөспірімдерінің кәсіби бағдарлануы, ауылдағы жаттықтырушылар мен төрешілердің біліктілігін арттыру, спорт жобаларды іске асыруда әдістемелік қолдау көрсету шаралары жүргізіліп жатыр.

Академияда осы меморандум аясындағы жоспарлар талқыланған жиын өтті. Шара барысында оқу орнының оқу-спорт базасын жаңғырту жұмыстарының нәтижесі ретінде «№29 шығыс жекпе-жегі» залы жаңадан жабдықталып, оған «AUYLSPORT» шығыс жекпе-жегі залы деген атауы берілді.

Академия басшылығы да меморандум аясындағы жұмыстың бағытына тоқталды.

«Мақсатымыз – ауылдан шыққан балалардың кәсіби спортқа жол табуына көмектесу. AUYL SPORT арқылы ауылдағы дарындарды үлкен аренаға шығаруға күш салып жатырмыз. Ауыл балаларына осындай мүмкіндік берілуі – бәріміз үшін қуаныш. Бұл бастама талай дарынды жастың жолын ашып, болашақ чемпиондардың қалыптасуына ықпал етеді. Жобаның ғұмыры ұзақ болып, еліміздің түкпір-түкпірінен шыққан жастардың арманы орындалсын деп тілейміз. Әрбір жеңіс – жаңа арманға жол ашатын жалынды қадам», – деді Академияның оқу-әдістемелік ісі жөніндегі проректоры, профессор Нұрмұханбетова Динара Кенжеқызы.

Академияның бокс, ауыр атлетика және шығыс жекпе-жегі кафедрасында 770 студент оқиды. Оның 350-ден астамы шығыс жекпе-жегі мамандығы бойынша білім алуда.

Жетістік тарихы

«AUYL SPORT» жобасы – ауыл балаларына спорт арқылы үлкен өмірге жол ашуды мақсат еткен Тимур Құлыбаевтың бастамасы. Бұл жоба алғаш 2024 жылы басталғанда-ақ ауылдағы мыңдаған жасөспірімнің жүрегіне үміт отын жақты. Бір жылдың ішінде 200 ауылдық елдімекеннен 12 мыңнан астам бала қатысқан алғашқы маусым нағыз спорт мерекесіне айналды. Алматыда өткен финалда 1300 үздік спортшы бас қосып, ел тарихындағы ең ауқымды ауыл жастарының жарысын жасады. Спортшылар тегін киіммен, тасымалмен, тұрумен қамтамасыз етіліп, кәсіби деңгейде ұйымдастырылған турнирдің қатысушысы ретінде сезіне алды.

Жобаның алғашқы нәтижелері көп күттірмеді. 2025 жылдың көктемінде AUYL SPORT жеңімпаздары Қазақстан құрамасының сапында Сербияда өткен ISF U-15 Гимназиадасына аттанды. Кез келген елдің арманы саналатын бұл додада 22 қазақстандық жас спортшының 12-сі – ауыл балалары болды. Қазақстан құрамасы 11 медаль жеңіп алып, ел намысын асқақтатты. Оның төртеуі ауыл спортшыларының еншісінде.

AUYL SPORT ауыл балаларының да әлемдік аренада жеңіске жете алатынын көрсетті. Т.Құлыбаевтың Halyk қоры олардың арманына жол ашуды жалғастырады

Тегтер: қазақстанҚасым-Жомарт Тоқаевспорт

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мемлекеттік қызметшілердің әдеп стандарттары жаңартылды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қазақстан бойынша Digital Nauryz аясында ЖИ-дәрістер мен ашық кездесулер өтеді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қазақстанда техникалық байқау қағидаларына өзгерістер енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Талғар ауданында 500-ге жуық жастың қатысуымен форум өтті

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Алматы облысында жыл басынан бері 57 есірткі құқық бұзушылығы анықталды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz