Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында 28,57 мың га жайылым жер мемлекетке қайтарылды

Мұны Alataunews.kz ақпарат агенттігіне берген сұхбатында облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Сәбит Сәдуақасов айтты.

16.08.2022
Аймақ, Жаңалықтар
Суретті түсірген Жұмабай Мұсабаев

Суретті түсірген Жұмабай Мұсабаев

«Алматы және Жетісу облысы болып екіге бөлінгелі бері (20.06.22 ж-15.08.22 ж) пайдаға аспай жатқан 28,57 мың га жайылым жер мемлекетке қайтарылды. Сондай-ақ елді мекендерден 5 км радиуста жатқан 78,2 мың га жайылым жер әкімдік иелегіне қайтарылады», — дейді басқарма басшысы.

Әкімдікке қайтарылған жеке меншік жер үшін мемлекет өтемақы төлейді. Ал бұл өтемақының сомасын тәуелсіз бағалаушы компания есептейді.

«Қазіргі таңда мемлекетке қайтарылған жерлерді әкімдік атына тіркеу жүріп жатыр. Нәтижесінде 22,17 мың га жерге жұрт мал жаятын болады, қалған 6,4 мың га жер конкурс арқылы жеке және заңды тұлғаға беріледі. Олар бұл жерде ауыл және мал шаруашылығымен айналысады», — деді Сәбит Сәдуақасов өз сөзінде.

Басқарма басшысының айтуынша, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің №139 бұйрығы бойынша әлі де тексерістен өтетін 213,9 мың га жер бар. Тексеріс аяқталған соң қолданылмай, бос жатқан жерлерге салықты 20 есе көбейту үшін материалдар жергілікті Мемлекеттік кірістер департаментіне жолданады.

Айта кетейік, Алматы облысының жер фонды 10,5 млн га құрайды. Оның 4,2 га ауыл шаруашылығына арналған болса, бұдан бөлек, қорда 2,5 млн га жер бар.

Тегтер: жайылым жермемлекет

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz