Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Енді қазақстандықтар Арменияға жеке куәлікпен ғана кіре алады

Парламент Мәжілісі Қазақстан Үкіметі мен Армения Үкіметі арасындағы азаматтардың сапарлары мен болу тәртібі туралы келісімді ратификациялау жөніндегі заңды қабылдады. Құжатқа 2024 жылғы сәуірде Мемлекет басшысының Арменияға ресми сапары барысында қол қойылған болатын, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
03.09.2025
Жаңалықтар

Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің айтуынша, келісім көші-қон бақылауын күшейтуді көздейді. Бұған сәйкес, енді екі елдің азаматтары басқа мемлекетте 30 күннен артық болған жағдайда полицияда тіркелуге міндетті болады. Бұған дейін мұндай талап 90 күннен кейін ғана қолданылатын. Сонымен қатар, ұлттық заңнамаларға сәйкес, 90 күннен астам уақыт елде болу мерзімін ұзарту үшін уақытша тұруға рұқсат алу мүмкіндігі қарастырылған.

«Осылайша, тараптар арасындағы визалық режим алынып тасталады. Бұл азаматтардың сапар шығындарын азайтып, өзара қатынасты жеңілдетеді», – деді Ержан Сәденов Мәжілістің жалпы отырысында.

Келісімнің тағы бір жаңалығы – елге кіру үшін қолданылатын құжаттар тізімінің кеңеюі. Армения азаматтары Қазақстанға сәйкестендіру картасымен кіре алады. Ал қазақстандықтар үшін жеке куәлік жеткілікті. Бұл бұрын тек Ресей мен Қырғызстанға барғанда ғана қолданылатын мүмкіндік еді.

ІІМ басшысының дерегінше, биылғы жылдың басынан бері Қазақстанға Армениядан 12 мыңға жуық азамат келген. Айта кетейік, Армения тарапы келісімді былтырғы қарашада ратификациялаған болатын.

Жаңа ереже екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, азаматтардың еркін қатынасына жол ашады деп күтілуде.

Тегтер: жаңалыққазақстан

Соңғы жаңалықтар

СІМ басшысы: Қазақстан заңсыз көші-қонмен күресті күшейтіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Қазақстанда медициналық мақсаттағы есірткі құралдарының тізімі кеңейтілді

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында өрік фестивалі өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында 251 млн теңге субсидияны заңсыз алғандарға сот үкімі шықты

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz