Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Мақала

Алматы облысында Конституцияның 30 жылдығында Қоғамдық кеңеске құрмет көрсетілді

Мөлдір Иманмади
30.08.2025
Мақала

Алматы облысында Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шаралар өтті. Жиынға облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев қатысып, қоғам өмірінде белсенді еңбек етіп жүрген азаматтарға мемлекеттік наградалар мен марапаттар табыстады.

Бұл күні ерекше атап өтер жайт – өңірдің қоғамдық өмірінде маңызды рөл атқарып келе жатқан Алматы облысының Қоғамдық кеңесі мүшелерінің еңбегінің бағалануы болды. Кеңес өңірдегі ашықтық пен әділдікті қамтамасыз етіп, билік пен қоғам арасындағы алтын көпірге айналып отыр.

Салтанатты шарада Алматы облысының Қоғамдық кеңесінің төрағасы, заң ғылымдарының кандидаты, профессор Қазыбек Нұрсейітұлы Дауталиев «Қазақстан Конституциясына 30 жыл» мерекелік медалімен марапатталды. Бұл марапат кеңес қызметінің өңірлік басқарудағы орны мен маңызын айқындай түсті.

«Бүгін Конституциямызға 30 жыл толып отыр. Бұл айшықты әрі тарихи дата. «Елу жылда ел жаңа, қырық жылда қазан» демекші, отыз жылда өткенімізді саралап қарайтындай үлкен уақыт. Сондықтан жіберген қателіктеріміз болса, соларға қайта ұрынбас үшін, 2022 жылы Ата заңымызға көптеген түзетулер мен толықтырулар енгізілді. Соның аясында елімізде бірқатар шаралар іске асып жатыр. Себебі, заманның көшіне ілесу керек. Түрлі демократиялық, дәстүрлі үрдістер өзекті болып отыр. Сондықтан халықтың үніне құлақ асу үшін, билік қоғаммен тікелей байланыс орнатып, олардың талап-тілегін тыңдайтын үлкен конституциялық миссияны алға  қойып отыр. Менің ойымша, бұл тиісті дәрежеде атқарылуда. Осыған өз кезегінде, Алматы облысының Қоғамдық кеңесі де белсенді атсалысып жатыр деп айта аламыз», — деп атап өтті Қазыбек Дауталиев.

Сонымен қатар, Қоғамдық кеңес мүшесі, Alataunews.kz ақпарат агенттігінің тілшісі Мөлдір Иманмәди облыс әкімінің Алғыс хатына ие болды. Бұл да қоғамдық кеңес мүшелерінің тек кеңестік қызметте ғана емес, ақпараттық кеңістікте де қоғамға сіңірген еңбегінің еленуі деп бағаланды.

«Бүгінгі алған Алғыс хат мен үшін үлкен құрмет әрі жауапкершілік. Конституция күні қарсаңында беріліп отырған марапат – жеке еңбектің ғана емес, барша әріптестерімнің, бірге қызмет етіп жүрген ұжымның еңбегінің бағалануы деп есептеймін. Сондықтан ең алдымен облыс әкіміне және біздің жұмысымызға қолдау көрсетіп жүрген барша азаматтарға шынайы алғысымды білдіремін», — деді Мөлдір Иманмәди.

Айта кетейік, бүгін облыс бойынша жалпы 6 тұрғын «Қазақстан Конституциясына 30 жыл» мерекелік медалімен, 9 азамат облыс әкімінің Құрмет грамотасымен, тағы 13 адам Алғыс хатпен марапатталды. Олардың қатарында Қоғамдық кеңес өкілдерінің болуы — кеңестің өңірлік даму мен демократиялық құндылықтарды нығайтудағы еңбегіне берілген жоғары баға екені сөзсіз.

Тегтер: алматы облысының жаңалықтарыАлматы облысының Қоғамдық кеңесіконституция күні

Соңғы жаңалықтар

Алматы бастаған үш қалада баспана бағасы күрт өсті – сарапшылар не дейді?

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Наурыз айындағы демалыс кестесі жарияланды: 13 күндік демалыс күтіп тұр

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында жаңа Конституцияны қолдауға арналған концерт өтті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында 25 ақпанда дабыл сиренасы іске қосылады

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысының энергетиктері жаңа Конституцияны қолдады

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz