Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Мақала

Алматы облысында медицина мен медиа арасында ашық диалог өтті

Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Сүлейменов БАҚ өкілдерімен және блогерлермен тоқсандық кездесу өткізді, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Мөлдір Иманмади
29.08.2025
Мақала

Шараның мақсаты – медицина саласындағы өзекті мәселелерді талқылап, денсаулық сақтау жүйесі мен медиа қауымдастығы арасындағы диалогты нығайту.

Жиын барысында облыстағы медициналық ұйымдардың қызметінде медициналық көмектің сапасы, медициналық этиканы сақтау, сондай-ақ ұйымдастырушылық-басқарушылық мәселелерге қатысты өзекті тақырыптар талқыланды.

«Мемлекет басшысының бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен және халықпен ашық сөйлесіп, барлық ақпаратты ашық беру керек деген тапсырмасы бойынша және «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» концепциясына сәйкес, Алматы облысы тұрғындарына медицина саласында болып жатқан жаңалықтармен бөлісу мақсатында осындай шара өткізіп отырмыз. Кездесуге БАҚ өкілдері, блогерлер, қоғамдық кеңес мүшелері шақырылды. Олардың тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, сараптама жасадық, талқылау жүргіздік. Сонымен қатар, алға қойылған мақсаттар мен жобалар және оларға жету жолдары жайлы әңгіме тарқаттық. Бұған дейінгі болған кездесулерде көтерілген сұрақтардың бірнешеуі бүгінгі күні шешімін тауып келе жатыр», — деп атап өтті Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Сүлейменов.

Бұл кездесу медицина саласындағы өзекті мәселелерді ашық талқылауға, қоғаммен тиімді байланыс орнатуға және алдағы жұмыстардың бағытын айқындауға мүмкіндік берді. Ашық диалог форматы дәрігерлер, билік және медиа арасындағы сенімді арттырып, халықтың денсаулық сақтау жүйесіне деген сенімін нығайтуға жол ашады.

Айта кетейік, мұндай жиындар әр тоқсан сайын өтетін болады.

Тегтер: «Халық үніне құлақ асатын мемлекет»Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасыЕржан Сүлейменов

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 25 отбасы баспаналы болды

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматы облысында ерекше балаларға арналған тұсаукесер өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматыда ЖИ дәуіріндегі ғылымның дамуына арналған халықаралық конференция өтті

Мөлдір Иманмади
17.04.2026

Алматы облысында бес көлік соқтығысты

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

Қонаев жастары Іле жағасынан 9 тоннадан астам қоқыс жинады

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz