Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Барлық мектепте турникеттер болу керек – Марат Ахметжанов

Ішкі істер министрі Үкімет отырысында мектептердегі балалардың қауіпсіздігі туралы айтты, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпарат агенттігі.

16.08.2022
Жаңалықтар, Қоғам

Марат Ахметжановтың айтуынша, Оқу-ағарту министрлігінің мәліметіне сәйкес еліміздегі барлық мектептерде бақылау камералары орнатылған. Алайда, тексеріс нәтижесінде көп елді мекендердегі бейнематериалдарды сақтау мерзімі 30 тәулікке дейін жетпейтіндігі белгілі болған.

«Бекітілген талап бойынша, әр мектепте турникеттер болу керек. Алайда тексеріс барысында бұл талаптың көп мектепте орындалмағаны белгілі болды. Түркістан өңіріндегі 34 мектептің біреуінде ғана турникет орнатылған. Орал қаласында 56 мектептің 8-інде, Алматыда 270 мектептің 28-інде ғана турникет бар», – деді министр.

Сондай-ақ еліміздегі елді мекендердегі мектептерде күзет жоқ екені белгілі болған. Мәселен, Түркістанда бір мектептен басқасында күзет жоқ. Министр Марат Ахметжанов Оқу-ағарту министрлігіне мектептегі балалар қауіпсіздігін тиімді жүйемен қамтамасыз етуді сұрады.

Тегтер: марат ахметжановмектеп

Соңғы жаңалықтар

Зиянды әдеттен арылу – өмірді өзгерту

Акжаркын
17.09.2026

Алаяқтықтан қорғанудың қарапайым жолдары

Акжаркын
17.09.2026

Жол-көлік оқиғаларының алдын алу жолдары

Акжаркын
17.09.2026

Меншік құқығын қорғаудың маңызы

Акжаркын
17.09.2026

Жасыл ел – жарқын болашақ

Акжаркын
17.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz