Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Мақала

Әдептілік – мемлекеттік қызметшінің айнасы

Мөлдір Иманмади
27.08.2025
Мақала
Фото: gov.kz

Фото: gov.kz

Мемлекеттік қызметшілер қоғам алдында мемлекеттің тұлғасы болғандықтан, Әдеп кодексі ең алдымен қоғамның мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға бағытталған. Бұл құжатта мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқының жалпы стандарттары, қызметтен тыс уақыттағы жүріс-тұрыс ережелері, қызметтік қарым-қатынастардағы тәртіп нормалары, сондай-ақ көпшілік алдында, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеу талаптары нақты белгіленген.

Қоғамдық пікірдің басты көрсеткіштерінің бірі – мемлекеттік қызметшілердің қызметтен тыс уақытта, соның ішінде қоғамдық орындарда өзін қалай ұстайтыны екені құпия емес. Осыған байланысты, қызметтік әдеп қағидаларына сәйкес мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уақытта да жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтауы тиіс. Олар қоғамға жат мінез-құлықтан, соның ішінде адамның қадір-қасиеті мен қоғамдық адамгершілікке нұқсан келтіретін масаң күйде болудан аулақ болуы қажет. Сонымен бірге қарапайымдылық танытып, көрсетілетін қызметтерді алу кезінде өзінің лауазымдық жағдайын баса көрсетпеуі және пайдаланбауы шарт. Сондай-ақ қоғамдағы тәртіп пен қауіпсіздікке зиян келтіретін заң бұзушылыққа жол бермеуі, басқа азаматтарды құқыққа қарсы әрекеттерге тартпауға міндетті.

Әдеп кодексі жалпы қабылданған мінез-құлық нормаларының басқа да қырларын қамтиды. Атап айтқанда, мемлекеттік қызметшілер іскерлік әдепті сақтап, ресми мінез-құлық қағидаларын ұстануға міндетті.

Мемлекеттік қызметшілердің сырт келбеті де олардың кәсіби міндеттерін орындау барысында мемлекеттік аппараттың беделін арттыруға ықпал етуі тиіс. Сыртқы бейнесі іскерлікпен, ұстамдылықпен және ұқыптылықпен ерекшеленіп, жалпыға ортақ іскерлік талаптарға сай болуы қажет.

Осылайша, мемлекеттік қызмет атқару – қоғам мен мемлекет тарапынан көрсетілген ерекше сенім. Бұл сенім мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қойып, олардың әрбір іс-әрекетін халыққа үлгі ету міндетін жүктейді.

Қазақстан Республикасы

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

Алматы облысы бойынша департаментінің

басшысы Нұрсұлтан Сейдалиев

Тегтер: әдеп кодексімемлекеттік қызмет

Соңғы жаңалықтар

Аида Балаева Алматы облысындағы туристік нысандардың жазғы маусымға дайындығын тексерді

Қорлан Нұрланқызы
08.04.2026

Тоқаев бірнеше заңға қол қойды

Қорлан Нұрланқызы
08.04.2026

Тоқаев Таяу Шығыстағы бітімге қатысты мәлімдеме жасады

Қорлан Нұрланқызы
08.04.2026

Алматы облысында сирек кездесетін түркістан сілеусіні фототұзаққа түсті

Қорлан Нұрланқызы
08.04.2026

АҚШ Иранға соққыларды уақытша тоқтатады: Трамп мәлімдеме жасады

Қорлан Нұрланқызы
08.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz