Ресми деректерге сәйкес, елордалықтардың өмір сүру ұзақтығы 78,5 жасқа жетіп, бірінші орынға шықты. Одан кейін Алматы қаласы – 78,3 жас көрсеткішімен екінші орында. Алматы облысында бұл көрсеткіш 76,2 жасты құрады.
Облыс әкімдігінің мәліметінше, денсаулық сақтау саласында оң өзгерістер байқалып отыр. Мәселен, туберкулезбен сырқаттанушылық деңгейі 21,5 пайызға төмендеген. Өлім-жітім көрсеткіші 6,5 пайызға азайған. Сонымен қатар, онкологиялық ауруларды ерте анықтау үлесі 34,6 пайызға жетті. Инфаркт алған науқастардың барлығы дәрігерлерге ұсынылған екі сағат көлемінде жеткізіліп, дер кезінде медициналық көмек көрсетілуде.
Өмір сүру ұзақтығы жоғары өңірлер:
Астана – 78,5 жас
Алматы – 78,3 жас
Алматы облысы – 76,2 жас
Қарағанды облысы – 75,1 жас
Павлодар облысы – 74,9 жас
Өмір сүру ұзақтығы төмен өңірлер:
Ұлытау облысы – 72,9 жас
Маңғыстау облысы – 74,2 жас
Түркістан облысы – 74,3 жас
Айта кетейік, Қазақстандағы ең қарт тұрғын да дәл осы Ұлытау облысында тұрады. Биыл 115 жасқа толған Түймегүл Темірбаева мерейлі жасын атап өтіп, ел назарын аударды.





