Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

«Қоғамдық кеңес пен балалардың достығы: Жүректерді жақындатқан рухани сый»

Жастардың рухани тәрбиесіне баса мән беріп келе жатқан Алматы облысының Қоғамдық кеңесі Қонаевтағы балаларды қолдау орталығында болып балалармен тағы да кездесіп қайтты, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Мөлдір Иманмади
20.08.2025
Аймақ, Алматы облысы, Мақала

Бұл жолы балалардың сұранысы бойынша, өздері қалаған кітаптарын сыйға тартты. Бұл – балалардың кітаппен дос болып, рухани байытып, өзін қоғамның толыққанды мүшесі сезінуіне бағытталған игі бастама. Кітаптардың ішінде, қазақ әдебиетінің жауһарларынан бастап әлемдік бестцеллерлерге дейін бар. Мысалы, Міржақын Дулатовның «Оян қазақ», Мұқағали Мақатаев пен Абай Құнанбайұлының өлеңдері мен шығармалары, сондай-ақ  грек мифологиясынан «Геракл», Гарри Поттердің 8 томдық жинағы және т.б.

Сонымен қатар, қоғамдық кеңес мүшелерімен бірге алғашқы кездесуде алған кітаптарын талқылап, мазмұнын айтып берді. Мысалы, Николай деген бала «Менің атым Қожа» кітабын алған болатын. Ол кітапты қысқаша әңгімелеп, алған әсерімен бөлісті.

Сондай-ақ, балалар Алматы облысының Қоғамдық кеңесіне орталықтың атынан картина сыйға тартты. Бұл картинаны балалар кітапханасының көрнекі жеріне достықтың символы ретінде іліп қойды. Алматы облысының Қоғамдық кеңесінің төрағасы Қазыбек Дауталиевтің айтуынша, келесі кездесу қыркүйек айына жоспарланып отыр.

«Алматы облысының Қоғамдық кеңесі қоғамның біртұтастығын сақтап, балалардың қоғамнан іргесін ажыратпай олармен біте қайнасып жұмыс істеуін өз тарапымыздан мүмкіндігінше қамтамасыз етуге тырысамыз.  Сондай-ақ олардың қоғамда болып жатқан жағдайларға да бейжай қарамай, төңіректегі мәселелерге де атсалысудағы бастамаларына түрткі болып, қолдау көрсетеміз. Мақсат – балаларды оқшауламай, оларға қоғамның бір бөлшегі ретінде қарау. Алдағы уақытта, болашақ мамандықтарымен де сәйкес келетін кітап әкеп беруді жоспарлап отырмыз. Мысалы, полиция, аспаз, спортшы болам деген балалар бар, әрқайсына өз жастарына лайықты оқулықтар алып келеміз деп уәде берді. Бұл игі шараны тұрақты дәстүрге айналдырмақпыз», — деді Қоғамдық кеңес төрағасы Қазыбек Дауталиев.

Шара соңы, караокеде ән шырқап, мафия ойнап кешкі көңілді нотада аяқталды. Қоғамдық кеңес балалармен тұрақты байланыс ортанатуды гуманитарлық миссиясына айналдырмақ екендерін жеткізді.

Айта кетейік, Алматы облысының Қоғамдық кеңесі бұған дейін де балаларға 60-қа жуық кітап сыйлаған болатын. Сол кезде балалардан келесі кездесуде қандай кітап қалайтындарын жазып алған едік. Бүгін де дәл солай болды, бірақ бұл жолы балалар біршама өскен, сұраныстары да өзгерген…

Тегтер: алматы облысының жаңалықтарыАлматы облысының Қоғамдық кеңесіБасты жаңалықтарҚазыбек ДауталиевҚонаевтағы балаларды қолдау орталығы

Соңғы жаңалықтар

Алматы бастаған үш қалада баспана бағасы күрт өсті – сарапшылар не дейді?

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Наурыз айындағы демалыс кестесі жарияланды: 13 күндік демалыс күтіп тұр

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында жаңа Конституцияны қолдауға арналған концерт өтті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында 25 ақпанда дабыл сиренасы іске қосылады

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысының энергетиктері жаңа Конституцияны қолдады

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz