Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алдағы күндері күн суытады

«Қазгидромет» мамандары 19, 20 және 21 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
18.08.2025
Жаңалықтар

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері еліміздің батыс аймақтарынан шығысқа қарай жылжып келе жатқан солтүстік-батыс циклонының ықпалы сақталады. Соның әсерінен көшпелі бұлт шығып, найзағай ойнайды, жаңбыр жауады. Кейбір аймақтарда күндіз бұршақ түсуі мүмкін, жел күшейеді.

19 тамызда – Батыс және Шығыс Қазақстанда,
20-21 тамызда – солтүстік-батыс өңірлерде,
21 тамызда – елдің солтүстік бөлігінде қатты жаңбыр күтіледі.

Ал оңтүстік аймақтарда антициклон ықпалы байқалып, ауа райы негізінен ашық болады. Республика бойынша желдің күшеюі, түнгі және таңғы сағаттарда тұман түсуі ықтимал.

Температуралық көрсеткіштер де өзгеріссіз емес:

  • Солтүстік өңірлерде ауа температурасы төмендеп, түнде +10…+17°C, күндіз +17…+25°C аралығында болады.

  • Шығыс Қазақстанда түнгі уақытта +5…+15°C, күндіз +22…+29°C шамасында күтіледі.

  • Қалған аймақтарда ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді.

Синоптиктер қазақстандықтарды алдағы күндері ауа райының құбылмалы болатынын ескеріп, сақтық шараларын сақтауға шақырды.

Тегтер: ауа райықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz