Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысындағы тауда өрт шықты

Алматы облысына қарасты Қарасай ауданындағы Долан ауылы маңында таулы аумақта өрт шықты, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
04.08.2025
Аймақ, Алматы облысы
Фото: ашық дереккөзден

Фото: ашық дереккөзден

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт құрғақ шөп пен бұталардың тұтануынан басталған.

Тілсіз жаумен күреске Алматы облысы мен Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті, Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық паркі, жергілікті атқарушы органдар және ТЖМ-нің 28237 әскери бөлімінің өкілдері жұмылдырылды. Жалпы саны 100-ден аса адам мен 20 техника бірлігі өртті сөндіру жұмысына қатысты.

Сонымен қатар, «Қазавиақұтқару» АҚ-ның тікұшағы арнайы су шашатын құрылғы арқылы аумаққа 8 рет су төгіп, барлығы 24 тонна су жұмсаған.

Рельефтің күрделілігі, биік шөп пен қалың бұтаның болуы, сондай-ақ өрт аймағына апаратын жолдың жоқтығы сөндіру жұмыстарына кедергі келтіргенімен, мамандардың үйлесімді әрекетінің арқасында өрт толықтай ауыздықталды.

Жалпы өрт аумағы 40 гектарды қамтыған. Қуанышқа орай, зардап шеккендер жоқ. Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындарды өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға шақырады.

Тегтер: Алматы облысықазақстанөрт

Соңғы жаңалықтар

Жастарды зиянды әдеттерден қорғау – басты міндет

Диана Ахметова
04.08.2026

Абай болыңыз: жол қауіпсіздігі бәріне ортақ

Диана Ахметова
04.08.2026

Алкогольге тәуелділік: алдын алу және жауапкершілік

Диана Ахметова
04.08.2026

Жаңарған Конституция – жаңа мүмкіндіктер бастауы

Диана Ахметова
04.08.2026

Жасыл Қазақстанға бірге қадам

Диана Ахметова
04.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz