Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Аудан әкімінің сайлауында ұлттық рухтың үні естілді

Ауданда тағы бір сайлау учаскесі ауыл тұрғындарының белсенді қатысуымен ғана емес, сонымен қатар ұлттық рухты айшықтайтын ерекше сәттерімен де ерекшеленді, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Мөлдір Иманмади
03.08.2025
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар
Screenshot

Screenshot

Онда жергілікті өнерпаздар — жас домбырашылар арнайы бағдарлама ұсынып, ұлттық күйлерді төгіп, келушілерге ерекше көңіл-күй сыйлады. Бұл көрініс елдің саяси мәдениетінің тек дауыс берумен шектелмейтінін, рухани құндылықтармен де үйлесім табатынын көрсетті.

Райымбек аудандық Баққожа Мұқай атындағы мәдениет үйінің басшысы Медет Серікұлы сайлауға қатысу әр азаматтың борышы екенін тілге тиек етті.

— “Бұл күн саяси науқан болғанымен үлкен мейрам деп білеміз. Міне, осындай мерекеге сай көңіл күйде әріптестерімізбен дауыс бердік. Сайлау құқығы берілген әрбір азамат осындай жауапты күнде салғырттық танытпау керек деп ойлаймын. Жалпы сайлау алды бағдарламалармен таныс бола отырып, өзіміздің сенім артқан үміткерді таңдадық және үлкен үміт күте отырып елдің жүгін көтере алатын азамат екеніне сенімім мол. Сайлауға қатысу әрбір азаматтың міндеті мен құқығы. Осындай жауапты кезеңде, үлкен жауапкершілікпен ауылдастарымызды таңдау жасауға шақырамыз”,- деді ол.

Ал ұлттық аспап үнімен әрленген бұл күн жұрт есінде тарихи әрі тағылымды сәт ретінде сақталып қалмақ. Бұл — ел ішінде азаматтық белсенділікпен қатар, мәдени құндылықтардың да қатар жүретінін дәлелдеген жарқын мысал.

Тегтер: Басты жаңалықтарРайымбек ауданысайлау

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында дрондар 376 жол ережесін бұзуды анықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматы облысында 25 отбасы баспаналы болды

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматы облысында ерекше балаларға арналған тұсаукесер өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматыда ЖИ дәуіріндегі ғылымның дамуына арналған халықаралық конференция өтті

Мөлдір Иманмади
17.04.2026

Алматы облысында бес көлік соқтығысты

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz