Сайлау барысы барлық қағидаларға сай өтуде.
Сонымен қатар, сайлауға өз дауысын беру үшін Райымбек ауданының құрметті азаматы, ардагер ұстаз әрі суретші мәдениет қайраткері Искаков Нұрболат Сәйдінұлы да қатысып ыстық ықыласы мен сәттілік тіледі.
— “Бүгін міне сайлауға қатысып өз дауысымды бердім. Осы ауылдың болғашағы менің таңдауымның қолында деп ойлаймын. Болшақ ұрпақтарымызға осылай сайлауға қатысып өз дауысын беру бұйырсын деп тілеймін. Жалпы сайлауға қатысу әрбір азаматтың міндеті. Барлығына сәттілік”,- деді ол.
Айта кетейік, мұнда жұмыс уақыты сағат 7:00-де басталды және дауыс беру кешкі сағат 20:00-ге дейін жалғасады.





