Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

 «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының облыстық кезеңінің жеңімпаздары анықталды

Бүгін 2025 жылдың 31 шілдесінде Қонаев қаласының «Asan-Ali» мейрамханасында байқау жеңімпаздары салтанатты түрде марапатталды, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Мөлдір Иманмади
01.08.2025
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар
Фото: Almaty.tv

Фото: Almaty.tv

Комиссия мүшелері, үздіктерді іріктеу кезінде,  отбасы мүшелері жетістіктері, отбасылық дәстүрлер мен құндылықтар, қоғамдық қызметтерге атсалысуы мен қайырымдылық шараларға қолғабыс етуі басшылыққа алынды.

Отбасы құндылығын дәріптейтін «Мерейлі отбасы-2025» ұлттық байқауының Алматы облысы бойынша жеңімпазы атанып, бірінші орынға ие болған Қарасай ауданының Бекдайыр отбасы болды. Өңірлік кезеңнің нәтижесі бойынша Еңбекшіқазақ ауданынан Шолпанбай отбасы екінші орынға, ал Жамбыл ауданынан келген Қондыбаевтар отбасы мен Балқаш ауданының намысын қорғаған Телтаевтар отбасы үшінші орынға ие болды.

Шараға облыстық кезеңде бақ сынаған барлық аудан қалалардан келген отбасылар қатысты. Сайыскерлерге Алматы облысының ішкі саясат басқармасы басшысы Абитов Ерік Әзілжанұлы «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына белсенді қатысқаны үшін облыс әкімінің бірінші орынбасарының Алғыс хаты мен ынталандыру сертификатын табыстады.

Жеңімпаз атанған Қарасай ауданының Бекдайыр отбасы 2025 жылдың 12 қыркүйегінде Отбасы күні қарсаңында өтетін республикалық кезеңде диплом және мүсіншемен марапатталып, салтанатты жағдайда өтетін рәсімге  қатысатын болады.

Айта кетейік, «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу тұжырымдамасына сәйкес бірінші кезең — өңірлік деңгейде, аудандық (қалалық) деңгейде іріктеу жүргізіліп, нәтижесінде 87 өтінім қабылданған. Аудандық (қалалық) комиссия конкурсқа қатысуға өтінім білдірген отбасылардың тиісті құжаттарын қамти отырып, хаттама арқылы облыстық комиссиясының қарауына 15 өтінім жинақталды.

 

Тегтер: Мерейлі отбасы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 61 саяжайға ауыл мәртебесі берілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Үлкен Алматы айналмалы автожолында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Щучинскіде кафеде жарылыс болды: 7 адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

«Көктем-2026»: Алматы облысында су тасқынына дайындық тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz