Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Мақала

Алматы облысының Қоғамдық кеңесі балаларға кітап пен базарлық тарту етті

Алматы облысы Қоғамдық кеңесі Қонаев қаласындағы Балаларды қолдау орталығына арнайы барып, тәрбиеленушілерге рухани әрі материалдық сыйлықтар жасады. Іс-шара "Балалар кітапханасы" мен "Біртұтас тәрбие" бастамалары аясында ұйымдастырылды.

Мөлдір Иманмади
31.07.2025
Мақала

Балалар орталығының аумағы – заманауи талаптарға сай: кең аулалы, ойын алаңдары, түрлі әткеншектер мен тынығу аймақтары бар. Мұнда жаңа шағын кітапхана залы да ашылған. Енді оның алғашқы қорын қоғамдық кеңес мүшелері табыс еткен 60 кітап толықтырып отыр.

Кітаптар мен ерекше футболкалар
Шара барысында әр балаға жас ерекшелігіне қарай ұлттық және әлем әдебиетінен іріктелген кітаптар мен қазақы бейнелер бейнеленген футболкалар сыйға тартылды. Атап айтқанда, Абайдың «Қара сөздері», «Бес арыс», «Киіз үй», «Шаңырақ», «Жеті қазына» сынды мазмұны терең тақырыптар футболкаларға арнайы басылыпты.

Қоғамдық кеңес төрағасы Қазыбек Дауталиевтің айтуынша, сыйлықтар тізімі 1847 атаулы кітапты қамтыған ресми іріктеме бойынша дайындалған. Оның 60%-ы қазақ әдебиеті, 30%-ы шетел шығармалары және 10%-ы орыс тіліндегі кітаптар.

Балалардың кітапқа деген қызығушылығы таңғалдырды
Балалар әдебиетке шынайы қызығушылық танытты. Бірі Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін жатқа оқыса, енді бірі Міржақып Дулатұлының шығармаларын сұратты. Тағы бірі фантастикаға әуес екенін айтып, «Гарри Поттер», «Мстители» мен «Трансформерлерге» қызығушылығын жасырмады.

Спорттық ойын – көтеріңкі көңіл-күй
Шара соңында орталықтағы спорт залда волейбол ойыны ұйымдастырылып, балалар сергіп, ерекше әсер алды.

Қоғамдық кеңес мүшелері алдағы уақытта балалар кітапханасының қорын толықтырып отыруға ниетті. Шараға кеңес мүшелері Зинаш Көпжасарқызы, Сергей Горяной, Рахатулла Тезекбаев және Мөлдір Иманмәди де қатысты.

«Балаларға аз да болса рухани қолдау көрсету – баршамыздың ортақ міндетіміз», – дейді ұйымдастырушылар.

 Бұл іс-шара – рухани құндылықтарды насихаттап, балалардың кітапқа, білімге деген құштарлығын арттыруға бағытталған нақты қадам. Мұндай қамқорлықтың балалар болашағына берері көп.

Тегтер: Алматы облысының Қоғамдық кеңесіБалаларды қолдау орталығыБасты жаңалықтарҚонаев қаласы

Соңғы жаңалықтар

Снайперы ССО стали лучшими на Кубке Алматинской области

Николай Иващенко
25.02.2026

Профилактические кабинеты открыты в Алматинской области

Николай Иващенко
25.02.2026

Михаила Шайдорова встретили в Астане

Николай Иващенко
25.02.2026

В Алматинской области открыли класс юных полицейских

Николай Иващенко
25.02.2026

В Алматинской области прошел масштабный концерт в поддержку новой Конституции

Николай Иващенко
25.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz