Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Әдепсіздік танытқан әншілер сахнадан 5 жылға шеттетіле ме?

Сахнада әдепсіз мінез-құлық танытқан әншілерді 5 жылға дейін шеттету креативті индустрия нарығының дамуына теріс әсер етуі мүмкін. Бұл жайында Сенат депутаттарының сауалына ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың жауабында айтылған, деп хабарлайды Alataunews.kz

15.08.2022
Жаңалықтар, Қоғам

ҚазАқпарат жазған мәліметке сүйеніп.

«ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу тәртібі және оларды ұйымдастырушылардың міндеттері ҚР «Мәдениет туралы» Заңында қарастырылғанын, алайда бұл міндеттерді орындамағаны үшін жауапкершілік ұйымдастырушы мен орындаушы арасында тек азаматтық-құқықтық шартпен реттелетінін атап өтеді. Бұл ретте ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды және тағы басқаларын өткізу барысында көрерменмен қарым-қатынас кезінде әртістердің әдепсіз мінез-құлық танытқаны үшін ұйымдастырушыларға жауапкершілікті қарастыру бойынша мүдделі мемлекеттік органдарға тапсырма берілді», — деді Үкімет басшысы жауабында.

Сонымен қатар, Премьер-Министр ұйымдастырушылардың тиісті қызметін немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтату және тыйым салу, сондай-ақ әншілерді 5 жылға дейін сахнадан шеттету креативті индустрия нарығының дамуына теріс әсер етуі мүмкін екендігін алға тартады.

«Өз кезегінде Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, вандализм үшін жауапкершілікті қатаңдату жөніндегі келісім бойынша ұсақ бұзақылық жасағаны үшін санкцияларды ұлғайтуды көздейтін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне заңнамалық түзетулерді әзірлеп (434-бабы), олардың шекті мөлшерлерін белгіледі: 1) 1-бөлім бойынша – 5-тен 20 АЕК-ке дейін айыппұл, сондай-ақ әкімшілік қамауға алудың ең төменгі шегі 5-тен 15 тәулікке дейін; 2) 2-бөлім бойынша – әкімшілік қамаққа алудың ең төменгі шегі 15-тен 30 тәулікке дейін», — деді Әлихан Смайылов.

Тегтер: заңҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Сталкинг ісі: Алматы облысында актрисаның күйеуі қамауға алынды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматыда 8 келі метамфетаминмен ұсталған күдікті қамауға алынды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматы облысында ауа райы күрт нашарлайды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматы облысы call-орталықтарының байланыс нөмірлері жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz