Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Әлем

Камчаткада жойқын жер сілкінісі болды

Ресей Федерациясының Камчатка өлкесінде 1952 жылдан бергі ең жойқын жер сілкінісі болды. Жер асты дүмпуінің магнитудасы 8,5-8,7 балға жетті, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
30.07.2025
Әлем, Жаңалықтар

Жер сілкінісі Астана уақытымен сағат 04:24-те тіркелген.

«Камчатка аймағында 1952 жылдан бергі ең жойқын жер сілкінісі болды. Әртүрлі бағалаулар бойынша магнитудасы 8,7 балға жетеді», — деп жазылған РҒА геофизикалық қызметінің хабарламасында.

Сахалин облысының губернаторы Валерий Лимаренконың айтуынша, Солтүстік Курильск қаласында 7,9 балдық дүмпу тіркелген. Цунамидің алғашқы толқыны да сезілген.

Ресей ТЖМ мәліметтері бойынша Тынық мұхиты аймағында Жапонияның шығыс жағалауына биіктігі 32 сантиметрге дейінгі толқын жақындап келеді. Елде цунами қаупі жарияланды, пойыздардың қозғалысы тоқтатылды. Жапония билігі жағалаудағы тұрғындарды эвакуациялауға шақырды.

Цунами туралы ескерту АҚШ-та, соның ішінде Аляска, Калифорния, Орегон және Вашингтон штаттарында да берілді. Филиппинде де осындай шаралар қабылданды.

Тегтер: Әлем жаңалықтарыжер сілкінісі

Соңғы жаңалықтар

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында жүлде алған Алматы облысының спортшылары марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Алматы облысында туристік нысандарға апаратын 95 шақырым жол жөнделіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
16.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz