Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Енді мектеп асханаларында фастфуд пен газдалған сусын сатуға тыйым салынады

Қазақстан мектептерінде балалардың денсаулығын сақтау және дұрыс тамақтану әдетін қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жаңа деңгейге көтеріледі. 2025–2026 оқу жылынан бастап елдегі мектеп асханаларында тамақ дайындау жаңа стандарттар бойынша жүргізіледі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Үкіметтегі баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
24.07.2025
Жаңалықтар

Министрдің айтуынша, мектептегі тамақ сапасына қатысты мәселе бірнеше жылдан бері көтеріліп келеді. Мемлекет басшысы бастауыш сынып оқушыларын сапалы тамақпен толық қамтуды тапсырған болатын. Ал 2023 жылы Президент мектеп асханаларындағы тағам сапасына ерекше назар аударып, Премьер-министрге қолданыстағы стандарттарды қайта қарау жөнінде нақты тапсырма берген еді.

«Осы тапсырма аясында Денсаулық сақтау министрлігі Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп жаңа ережелер бекітті. Ең алдымен, дайын тағамдардағы қант мөлшері 3,5 есеге, ал тұз мөлшері 2–2,5 есеге азайтылады. Өйткені баланың тамақтану дағдысы дәл осы жаста қалыптасады. Жаңа стандарттар тек мектеп асханаларына ғана емес, сонымен қатар балабақшалар мен мектепке дейінгі мекемелерге де қатысты», – деді Ақмарал Әлназарова.

Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта мектептегі тамақ сапасын бақылау үшін медицина қызметкерлерін – атап айтқанда, мектеп медбикелерін арнайы оқыту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл — стандарттардың іс жүзінде орындалуын қамтамасыз етудегі маңызды қадамдардың бірі.

Жаңа ережелерге сәйкес, мектеп асханаларында қандай өнімдерді сатуға болатыны нақты белгіленген.

«Фастфуд, гамбургер, чебурек сияқты тез дайындалатын, бірақ ағзаға зиянды тағамдарға тыйым салынады. Сонымен қатар, газдалған сусындар мен шоколад өнімдері де буфет ассортиментінен алынып тасталды. Мәселен, 100 мл компотқа қанша қант қосу керектігіне дейін нақты көрсетілген. Біз бұл талаптарды 2014 жылдан бері қолданыста болған ережелерді қайта қарап, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының халықаралық стандарттарына сәйкестендірдік», – деді министр.

Министрлік өкілі атап өткендей, бұл стандарттардың орындалуын бақылау әрі мониторинг жүргізу жұмысы жүйелі түрде жолға қойылады.

Жаңа талаптар 2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап күшіне енеді. Жоба оқушылардың денсаулығын сақтауға, семіздік пен созылмалы аурулардың алдын алуға бағытталған маңызды бастама ретінде бағаланып отыр.

Тегтер: асханамектеп

Соңғы жаңалықтар

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
16.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
16.09.2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Акжаркын
16.09.2026

Алматы облысының прокуратура қызметкеріне қатысты тексеру жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz