Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанда автожол құрылысына бақылау күшейеді: жаңа заңнамалық өзгерістер енгізілді

Қазақстанда автожолдарды салу және пайдалану саласындағы заңнамаға бірқатар маңызды өзгеріс енгізілуде. Енді жол құрылысы барысында техникалық және авторлық қадағалау талаптары күшейтіледі, деп хабарлайды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
23.07.2025
Жаңалықтар
Фото: ашық дереккөзден

Фото: ашық дереккөзден

Автожолдардың құрылысы мен жөндеуін қадағалайтын ұйымдар енді жол құрылысы саласындағы кәсіби мамандарды штатқа алуға міндетті. Бұрын бұл талап аккредитация алу кезінде міндетті емес еді. Жаңа ереже жол сапасын бақылау жүйесін жақсартуға, сондай-ақ жөндеу жұмыстарының қолданыстағы стандарттар мен нормативтерге сай орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған.

Сонымен қатар, қадағалау жүргізетін мамандардың құқықтық жауапкершілігі де күшейтілді. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес, техникалық және авторлық қадағалау қызметін атқаратын тұлғалар мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті адамдарға теңестірілді.

Бұл түзету олардың өз міндеттерін тиісінше орындамаған жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын білдіреді.

Қабылданған шаралар еліміздегі автожол инфрақұрылымының сапасын арттыруға, сыбайлас жемқорлықты азайтуға және жол құрылысы саласындағы ашықтық пен тиімділікті қамтамасыз етуге бағытталған.

Бұл реформалар жол сапасына жиі шағым айтатын азаматтардың үмітін ақтап, еліміздегі көлік инфрақұрылымын жаңа деңгейге көтеруге септігін тигізбек.

Тегтер: жол сапасықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Қонаевта газ қауіпсіздігі күшейтілді: 469 пәтер тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
26.08.2026

Алматы облысында тауда жарақат алған 18 жастағы турист құтқарылды

Қорлан Нұрланқызы
26.08.2026

Алматы облысында 17 адам 800-ден астам көлікті заңсыз тіркеген

Қорлан Нұрланқызы
26.08.2026

Алматы облысының таулы аймақтарында қар түсті

Қорлан Нұрланқызы
26.08.2026

Жаңа Қазақстан және жаңарған Конституция

Диана Ахметова
26.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz