Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Әлем

Бангладеште әскери ұшақ мектеп ғимаратына құлады

Бангладеш астанасы Дакка қаласында әскери оқу ұшағы мектеп пен колледждің кампусына құлап, кемінде 19 адамның қайтыс болды. Қайғылы оқиғаға байланысты 22 шілде - ұлттық аза тұту күні болып жарияланды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
22.07.2025
Әлем

F-7 BGI үлгісіндегі әскери оқу ұшағы Дакканың Уттара ауданында орналасқан Майлстоун мектебі мен колледжінің аумағына құлаған. Куәгерлердің айтуынша, апат кезінде оқу орнында балалар болған.

Бангладеш армиясы ұшақтың әскери әуе күштеріне тиесілі екенін растады. Өрт сөндіру және азаматтық қорғаныс қызметінің өкілі Шахджахан Шикдердің мәліметінше, 19 адам қаза тапқан. Алайда денсаулық сақтау министрлігінің кеңесшісі Сайедур Рахман 16 адамның мерт болғанын, ал 100-150 адамның түрлі жарақат алғанын хабарлады.

Ұшақты басқарған авиация лейтенанты Товкир Ислам Сагар ауыр жараланып, Біріккен әскери госпитальдің жансақтау бөліміне жеткізілді. Оның жағдайы – өте ауыр.

Қайғылы оқиғаның нақты себептері әзірге ресми түрде жарияланған жоқ. Ел билігі тергеу жұмыстарын бастап кетті. Бангладеште бұл апат қоғамның, әсіресе ата-аналар мен білім саласының өкілдері арасында үлкен алаңдаушылық туғызды.

Қайғылы оқиғаға байланысты ел бойынша 22 шілде күні барлық мемлекеттік мекемелерде тулар төмен түсіріліп, аза тұту рәсімдері өтуде.

Тегтер: Әлем жаңалықтарыұшақ апаты

Соңғы жаңалықтар

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
16.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
16.09.2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Акжаркын
16.09.2026

Алматы облысының прокуратура қызметкеріне қатысты тексеру жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz