Декларацияны онлайн форматта, яғни eGov.kz порталы, eGov mobile қосымшасы, сондай-ақ kgd.gov.kz сайтындағы Салық төлеушінің кабинеті немесе eSalyq Azamat мобильді қосымшасы арқылы тапсыруға болады.
Декларация тапсыруға кім міндетті?
2025 жылы 270.00 нысанын келесі санаттағы азаматтар тапсыруы тиіс:
мемлекеттік қызметшілер;
бюджет саласы қызметкерлері;
квазимемлекеттік сектор қызметкерлері;
жоғарыда аталған тұлғалардың жұбайлары.
Бұл есеп 250.00 нысанындағы кіріспе декларацияны бұрын тапсырған азаматтар үшін жалғасатын кезең саналады.
270.00 нысанында қандай ақпарат көрсетіледі?
270.00 нысаны келесі мәліметтерді қамтиды:
жылдық кірістер туралы ақпарат;
шетелдегі мүлік:
жылжымайтын мүлік;
көлік құралдары;
бағалы қағаздар;
цифрлық активтер;
инвестициялық алтын;
шетелдік компаниялардағы үлестер;
ірі көлемдегі сатып алулар мен шығындар және олардың қаржылану көздері (антикоррупциялық заңнама аясында).
Декларацияны eGov.kz порталы арқылы тапсыру тәртібі:
Порталда тіркеліп, «Азаматтарға» → «Кеден және салық» → «Салық салу» бөліміне өтіңіз;
«Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияны қабылдау (форма 270.00)» қызметін таңдаңыз;
Қажетті деректерді толтырыңыз;
Өзіңізге тиісті Мемлекеттік кірістер органын көрсетіңіз;
ЭЦҚ немесе басқа қолжетімді әдіс арқылы растаңыз;
Қызмет көрсету мәртебесін «Қызметтерді алу тарихы» бөлімінен тексеріңіз.
eGov mobile қосымшасы арқылы тапсыру тәртібі:
Қосымшаға кіріп, тіркеліңіз;
«Қызметтер» → «Салықтар және қаржы» бөліміне өтіңіз;
270.00 нысанын таңдап, мәліметтерді толтырыңыз;
Кірістер органын көрсетіп, растау әдісін таңдаңыз;
Қызмет көрсету мәртебесін жеке кабинеттен қадағалаңыз.
Баламалы тәсілдер:
kgd.gov.kz сайтындағы Салық төлеушінің кабинеті арқылы;
eSalyq Azamat мобильді қосымшасы арқылы.





