Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Абай облысында 194 мұғалімнің жеке мәліметтері тарап кетті

Абай облысы Бородулиха ауданында үш бірдей орта мектептің 194 қызметкерінің жеке деректері интернетке заңсыз жарияланған. Бұл дерек аудан прокуратурасы мемлекеттік сатып алулар порталына жүргізген мониторинг барысында анықталған, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
17.07.2025
Жаңалықтар
Фото: ашық дереккөзден

Фото: ашық дереккөзден

Прокуратураның мәліметінше, білім беру мекемелері мемлекеттік сатып алу рәсімдері аясында қызметкерлердің медициналық тексеруден өтуі үшін олардың тізімдерін порталға жариялаған. Алайда бұл тізімдерде қызметкерлердің толық анкеталық деректері, ЖСН-і және өзге де жеке мәліметтері көрсетілген.

«Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мұндай мәліметтер шектеулі қолжетімді ақпарат саналады және олар міндетті түрде қорғалуы тиіс. Жеке деректерді алған тұлғалар олардың құпиялылығын қамтамасыз етуге және иесінің келісімінсіз жарияламауға міндетті. Мектеп әкімшілігі осы талаптарды сақтамауы салдарынан бұл мәліметтер үшінші тұлғаларға қолжетімді болып, оларды заңсыз мақсатта пайдалану қаупі туындады», – делінген прокуратура хабарламасында.

Аталған дерек бойынша аудан прокуратурасы мектеп директорларын Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 79-бабының 2-бөлігі бойынша жауапқа тартып, жалпы сомасы 1 миллион теңгеден астам айыппұл салған. Сонымен қатар, олар тәртіптік жазаға да тартылды.

Қазіргі уақытта аудандық білім бөлімі тарапынан мұндай құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында тиісті шаралар қабылданып жатыр. Білім беру ұйымдарына құпия ақпаратпен жұмыс істеу тәртібі жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Бұл жағдай ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және дербес деректерді қорғау мәселелерінің маңыздылығын тағы бір мәрте көрсетті. Мамандардың айтуынша, мұндай заңбұзушылықтар азаматтардың құқықтарын елеулі түрде бұзып, жауапкершілікке әкеп соқтырады.

Тегтер: қазақстанқұжат

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 1500 шақырымдық туристік маршрут зерттелді

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Алматы облысында көші-қон заңын бұзған 9 шетелдік елден шығарылды

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Алматы облысындағы резонансты іс: ер адам 25 жылға сотталды

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Алматы облысында дәрігерлер күрделі ота жасап, науқастың өмірін сақтап қалды

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Іле ауданында 10 мыңға жуық ағаш отырғызылып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz