Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанның мемлекеттік қарызы 31,9 трлн теңгеге жетті – Қаржы министрі

Премьер-министрдің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Қаржы министрі Мәди Тәкиев елдің мемлекеттік борышының қазіргі жағдайы мен оны басқаруға бағытталған шаралар туралы баяндама жасады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
15.07.2025
Жаңалықтар

Министр келтірген мәліметке сәйкес, 2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша мемлекеттік қарыз көлемі 31,9 трлн теңгені құрады. Бұл көрсеткіш жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) 21,1%-ына тең. Жыл басынан бері қарыз шамамен 40 млрд теңгеге ұлғайған.

Министрлік өкілдерінің айтуынша, мемлекеттік борыштың ұлғаюына республикалық бюджет тапшылығын жабуға бағытталған қарыз тарту және бұған дейін алынған сыртқы қарыздарды игеру себеп болған.

Соған қарамастан, жалпы ішкі өнімнің өсу қарқынының арқасында мемлекеттік борыштың ЖІӨ-ге қатысты үлесі төмендеуде. Мәселен, 2020 жылы бұл көрсеткіш 29,2% болса, 2024 жылы 23,5%-ға дейін азайған.

«Осылайша, 2030 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының мемлекеттік қаржысын басқару тұжырымдамасында көзделген ЖІӨ-ге шаққандағы 32% лимит сақталып отыр», – деді Мәди Тәкиев.

Сондай-ақ министрлік 2024 жылғы 24 маусымда 2,5 млрд АҚШ доллары көлемінде евробондтар орналастырғанын мәлімдеді. Бұл қадам 2015 жылғы сыртқы міндеттемелер бойынша алдағы төлемдерді толықтай қайта қаржыландыруға мүмкіндік берген. Ең бастысы, бұл операция жиынтық борышты ұлғайтпай жүзеге асырылған.

Үкімет мәлімдемесінде сыртқы нарықтағы бұл мәміле квазимемлекеттік сектор ұйымдары үшін болашақта қарыз алуға қатысты кірістілік бағдарының айқындалуына жол ашты деп атап өтілді.

Тегтер: қарызмемлекетүкімет

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz