Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Перизат Қайрат ісі: сот отырысында БАҚ өкілдерінің қатысу тәртібі жарияланды

Бүгін Астанада Перизат Қайрат пен оның анасы Бибігүл Алашпаеваға қатысты басты сот отырысы басталды. Сотқа төрағалық етуші судья Сабыржан Кәрімов БАҚ өкілдерінің қатысуына байланысты нақты шешім қабылдағанын мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
14.07.2025
Жаңалықтар

Судьяның айтуынша, сот процесі ашық форматта өтуде және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуына шектеу қойылмаған. Қазірдің өзінде 70-тен астам БАҚ өкілі сот отырысына қатысуға ниет білдірген.

«Басты сот отырысы бейнебайланыс арқылы өтуі мүмкін. Бұл туралы шешімді төрағалық етуші судья қабылдайды. Ал сот отырысы сотталушылар Қайрат пен Алашпаеваға қатысты қылмыстық іс бойынша ашық түрде өтіп жатыр», – деді Сабыржан Кәрімов.

Алайда судья кейбір сот сәттерінде – сотталушылардан жауап алынатын кезде, түсініктеме берілген сәттерде және дәлелдемелерді зерттеу барысында – құпия ақпараттардың болуы мүмкін екенін ескере отырып, жариялылықты шектеу туралы шешім қабылдағанын еске салды.

«Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 366-бабы 3-бөлігіне сәйкес, сотталушылар сот отырысының кез келген сәтінде айғақ беру құқығына ие. Осыған байланысты, сот процесіне қатысушылар болып табылмайтын тұлғалар мен БАҚ өкілдері залдан шығып, кейін қайта кіруі қажет болады. Бұл әр жолы үзіліс жариялауды талап етеді, уақыт алады және сот барысына кедергі келтіреді», – деді ол.

Осыған байланысты сот БАҚ өкілдеріне сот процесін ғимараттағы арнайы ұйымдастырылған баспасөз орталығынан бақылауды ұсынды.

Сонымен қатар, сот залында Перизат Қайрат, оның анасы және адвокатты суретке түсіруге, бейнежазба жасауға немесе тікелей эфир жүргізуге тыйым салынды.

Тегтер: жаңалықСот

Соңғы жаңалықтар

Alatau City-де KAIST филиалын ашу жобасының техникалық-экономикалық негіздемесі таныстырылды

Қорлан Нұрланқызы
01.08.2026

Алматы облысында инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
01.08.2026

Қонаевта дәрігерлер асқазан қатерлі ісігінің асқынған түріне күрделі ота жасады

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

Қазақстандық оқушылардың 2026–2027 оқу жылындағы каникул кестесі бекітілді

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

Іле ауданында егін жинау науқаны қарқын алды: алғашқы өнім жиналып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz