Қонаевта көшпелі бұлттармен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Жел 9-14 м/с. Түнде +19…+21°C, күндіз +33…+34°C.
Алматыда жауын-шашынсыз, көшпелі бұлт шығады. Жел 3-8 м/с. Түнгі температура +18…+20°C, күндіз +32…+34°C аралығында.
Шымкентте де ауа райы ашық, көшпелі бұлттар байқалады. Жел 8-13 м/с. Түнде +22…+24°C, ал күндіз аптап ыстық — +37…+39°C.
Ақтауда жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Жел 5-10 м/с, температура түнде +24…+26°C, күндіз +36…+38°C.
Ақтөбеде күн ашық, желдің жылдамдығы 5-10 м/с. Түнде +14…+16°C, күндіз +29…+31°C.
Атырауда да жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Желдің күші түнде 15-18 м/с-ке дейін жетуі мүмкін. Түнде +24…+26°C, күндіз +37…+39°C.
Жезқазғанда жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с. Температура түнде +17…+19°C, күндіз +28…+30°C.
Қарағандыда ауа райы тыныш, жауын-шашынсыз. Жел 2-7 м/с. Түнде +11…+13°C, күндіз +24…+26°C.
Көкшетауда аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Жел 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде +12…+14°C, күндіз +18…+20°C.
Қостанайда да жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Жел 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде +12…+14°C, күндіз +22…+24°C.
Қызылордада күн ашық, жел 6-11 м/с. Түнгі температура +21…+23°C, күндіз +36…+38°C.
Павлодарда жаңбыр жауып, күн күркірейді. Жел 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с-ке дейін жетуі мүмкін. Түнде +13…+15°C, күндіз +23…+25°C.
Петропавлда ауа райы бұзылып, жаңбыр мен бұршақ жауады. Желдің күші күндіз 15-20 м/с-ке дейін жетеді. Түнде +12…+14°C, күндіз +20…+22°C.
Семейде найзағайлы жаңбыр күтіледі. Жел 5-10 м/с, күндіз екпіні 15-18 м/с. Температура түнде +16…+18°C, күндіз +26…+28°C.
Талдықорғанда күн ашық, жел 3-8 м/с. Түнде +15…+17°C, күндіз +34…+36°C.
Таразда ауа райы жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с. Түнгі температура +19…+21°C, күндіз +35…+37°C.
Түркістанда да ашық ауа райы сақталады. Жел 8-13 м/с. Түнде +23…+25°C, күндіз +37…+39°C.
Оралда жауын-шашынсыз, көшпелі бұлттар байқалады. Жел 3-8 м/с. Түнде +18…+20°C, күндіз +30…+32°C.
Өскеменде жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Жел 5-10 м/с, күндіз екпіні 15-18 м/с. Түнде +15…+17°C, күндіз +23…+25°C.
⛅️ Жауын-шашын мен жел күшейетін өңірлерде абай болу ұсынылады.





